Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20438217062 %38 %

Ақтөбеге Арыстан 200 бала жазғы лагерьге келді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:27 - 2019/07/16


Ақтөбеге Арыстан 200 бала жазғы лагерьге келді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының жазғы лагері Арыстан келген 200 баланы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыс балалары 15 шілде мен 3 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласындағы «Шұғыла» балаларды сауықтыру лагерінде тынығады. Екі ауысымда әр бала 12 күн демалады. 

«Балалар шығармашылықпен айналысып, спорттық шараларға, музыкалық, интеллектуалдық сайыстарға қатысады.
Арыстық балалардың демалысын ұйымдастырудың басты мақсаты – төтенше жағдайды ұмыттыру әрі психологиялық көмек көрсету. Лагерьде балалардың демалуына барлық жағдай жасалған. Олардың ойнауына арналған арнайы алаңдар, бөлмелер жабдықталған, демалушылар ойын-сауық құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Демалысты ұйымдастыру, оның ішінде балаларды Түркістан облысынан лагерьге дейін жеткізу және кері апару, тамақтану, жатын орын шығындары қабылдаушы жақтың есебінен болды. Облыстық білім басқармасы балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шара қабылдады», - деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, балалар 6 мезгіл тамақтанады. Созылмалы дерті бар демалушы балаларға қосымша диагностика жасалып, ем-дом жасалады. Сонымен қатар лагерь бағдарламасы бойынша балалар үшін Ақтөбе қаласының көрікті жерлерімен танысу, мұражай, мәдени орындар және саябақтарға экскурсия ұйымдастырылады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1023596
Пікірлер

Көрші сілтемелер