Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-23535344954 %46 %
2019-08-24497243046 %54 %
2019-08-25273133352 %48 %

Елімізде ақылы автотұрақтарда тариф өзгере ме



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:39 - 2019/07/16


Елімізде ақылы автотұрақтарда тариф өзгере ме

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС директоры Шыңғыс Досыбаев елордадағы ақылы автотұрақтардағы тарифке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында коммуналдық-ақылы автотұрақ орындарына тарифтерді өзгерту жоспарда жоқ. Тарифті өзгерту статистикалық мәліметтерге байланысты, әлемдік тәжірибеде тарифті өзгерту ықпал ету тетігі ретінде падаланылады. Көлік құралдары өте көп шоғырланған тиісті аумақтар бар. Ол жерлерде бос тұрақ орындарын ұйымдастыру үшін сараланған тариф енгізіледі. Мысалы, Мәскеу қаласындағы «Мәскеу Сити» ауданында тұрақтың құны сағатына 400 рубльге дейін жетеді. Бұл өз кезегінде тұрақта бос орындардар болуы үшін жасалуда», - деді Шыңғыс Досыбаев.

Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселеде тұрақтағы айналымды және бос орындарды қамтамасыз ету негізгі мақсат болып отыр.

«Егер де төлем құны төмен болса, онда көлік иесі автомобильді сол жерде ұзақ уақытқа қалдырып кетеді. Бұл өз кезегінде басқа тұрғындарға қолайсыздық тудырады. Ал сараланған тарифті енгізу мәселесіне тоқталсақ, бізде жақын арада бұл режим іске қосылмайды», - деді Ш. Досыбаев.

Айта кетейік, бүгінде елордада ақылы автотұрақтың құны сағатына 100 теңге тұрады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1023571
Пікірлер

Көрші сілтемелер