Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19241155752 %48 %

Шымкентте үздік тауарлар көрмесі өтті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:12 - 2019/07/13


ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі «Көрме» орталығында «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-байқауы және «Оңтүстік өнімдері» атты көрме-жәрмеңкесі өтті. Шараға тамақ, фармацевтикалық, инженерлік, жеңіл және құрылыс индустриясы өнімдерінің 100-ге жуық отандық тауар өндіруші компаниялары қатысып, өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған көрменің ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова мен қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Қайрат Молдасейітов, сондай-ақ палата директоры Нұрлан Қабыштаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Қала әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесе ұйымдастырған іс-шара аясында «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», « Үздік азық-түлік тауарлары» бойынша номинация иегерлері анықталды.


 Жеңімпаз тауар өндірушілер жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына қатысу құқығына ие болды. Сонымен қатар көрмеде ең үздік компаниялар таңдалып, аймақтық номинациялармен марапатталды. Ал, келушілерге ойын-сауық бағдарламалар мен сыйлықтар ұсынылып, ұтыс лотореялар ойнатылды. Бағалы сыйлықтар табысталды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1022544
Пікірлер

Көрші сілтемелер