Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16613359642 %58 %
2019-07-175818218 %82 %

Қорғаныс министрі Армиялық халықаралық ойындарға әзірлікті тексерді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:54 - 2019/07/12


Қорғаныс министрі Армиялық халықаралық ойындарға әзірлікті тексерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отар 40-шы әскери базасында Нұрлан Ермекбаев байқаулардың өткізілу орындарын, қатысушы командалардың тұруы жағдайларын, маршруттардың орналасуын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әскери ведомство басшысы ойындарды өткізуге дайындық жұмыстарының одан әрі сапалы орындалуы бойынша ұйымдастыруға жауапты адамдарға бірқатар нақты тапсырмалар қойды.

Одан басқа, Нұрлан Ермекбаев қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жай-күйін тексерді. Сондай-ақ Қорғаныс министріне танк экипаждарының, ұшқышсыз ұшатын аппараттар есептоптарының, байланысшылар мен артиллерияшылардың жаттығулары көрсетілді. Әскери қызметшілермен кездесе отырып, ол сайыста сәттілік пен жоғары деңгейдегі өнер көрсетуді тіледі.

Қорғаныс министрі Армиялық халықаралық ойындарға әзірлікті тексерді 

Биылғы жылы Армиялық халықаралық ойындар аясында Қазақстан аумағында «Сұңқар аңшылығы», «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және әскери байланысшылардың «Сенімді қабылдау» байқаулары өтеді. Оған Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Венесуэла, Мысыр, Иран, Қырғызстан, Сирия және Өзбекстанның әскери қызметшілері қатысады. 32 байқаудың ішінен Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері 16 байқауға қатысады.

Анықтамалық: Армиялық халықаралық ойындар алғаш рет 2015 жылы Ресей Федерациясының аумағында өткізілді. Сайысқа 17 елден - Әзербайжан, Ангола, Армения, Белоруссия, Венесуэла, Мысыр, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Моңғолия, Никарагуа, Пәкістан, Ресей, Сербия және Тәжікстаннан 56 команда қатысты.

Екінші рет ойындар 2016 жылы өткізілді. Сайыс 20 полигонда үш теңіздің су айдынында өтті. Ойынға қатысушылардың жалпы саны 3 мыңға жуық адамды құрады. 23 байқауға 19 елден 121 команда қатысты. Алғаш рет 2016 жылы «Мерген шебі» және «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқаулары Қазақстанның аумағында ұйымдастырылды.

Қорғаныс министрі Армиялық халықаралық ойындарға әзірлікті тексерді 

2017 жылы үшінші халықаралық ойындарға 28 елдің 150 командасын құраған 4,5 мыңнан аса әскери қатысты. 2017 жылғы халықаралық ойындардың бағдарламасына бес жаңа сайыс, яғни, «Тәртіп сақшылары», «Әскери ралли», «Достастық жауынгері», «Ұшқышсыз ұшатын аппараттар есептоптарының сайысы» және «Жол патрулі» сайыстары кірді.

2018 жылы Армиялық халықаралық ойындарға 33 елден 180-нен аса команда қатысты.

Ағымдағы жылы Армиялық халықаралық ойындар Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстанның аумағында өтеді. Байқауларға барлығы әлемнің 34 елінен 216 команда қатысады.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1022466
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


АҚШ-та Трамптың жарлығы 13 min
2500-ден астам астаналы 17 min
Дүние жүзілік малтау жү 24 min
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Өзін-озы басқаруға көме 1 sagt
Арыс қаласында 1172 үй 1 sagt
Ақмола облысында жол ап 1 sagt
Елордалық аз қамтылған 1 sagt
Маса шаққан бөйжеткенні 1 sagt
Қазақстан-Ресей шекарас 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Теннис: Бублик Ньюпорт 2 sagt
Нұркен Мазбаев «Астана» 2 sagt
Алты жастан төменгі бал 2 sagt
Қарағандылықтар аймақта 2 sagt
Казахстанцы могут обрат 2 sagt
Қазақстандық балуан қыз 2 sagt
«Киелі Алтай» 3 sagt
Наркодилер из ВКО призы 3 sagt
Казахстан вошел в списо 3 sagt
Құқық бұзушыларды қоғам 3 sagt
Нұр-Сұлтанда аз қамтылғ 3 sagt
Тараз тұрғынынан 21 кел 3 sagt
Нұр-Сұлтанда бокстан ҚР 4 sagt
Нүркен Мазбаев «Астана» 4 sagt
Әділхан Макин «Славян б 4 sagt
Еуроодақ Түркияға қарсы 4 sagt
Канаданың шығысында ұша 4 sagt
Қарағандыда кәрізге құл 4 sagt
Өңірде биыл іске қосылғ 4 sagt