Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16613359642 %58 %
2019-07-175818218 %82 %

Көкшетау қаласының мерейтойына орай ақындар фестивалі өтті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:06 - 2019/07/12


Көкшетау қаласының мерейтойына орай ақындар фестивалі өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының 195 жылдығына арналған ақындардың «Көзайымым, Көкшетау!» атты фестиваль өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев фестиваль қатысушыларына шығармашылық табыс тіледі.

«Бұл облыстың мәдени өміріндегі маңызды оқиға, ол өңірлік әдебиеттің дамуына, жергілікті суырып салма ақындардың, жазушылар мен сал-серілердің шығармашылығын танымал етуге ықпал етері сөзсіз. Сіздердің поэзияларыңыз туған өлкеге, туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілікке толы. Ұлттық мәдени мұраны сақтауға және оны молайтуға қосқан қомақты үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды жеткіземін», - деп атап өтті  әкім.

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыка-драма театрының сахнасында облыстың 17 белгілі ақындары мен әншілері Көкшетау қаласының тарихынан жарқын парақтарды және оның қазіргі заманғы кезеңдегі жетістіктерін шырқай отырып, өздерінің шығармашылығын паш етті.

Олардың арасында ақын, «Алаш» халықаралық әдебиет сыйлығының лауреаты, Зеренді және Біржан сал аудандарының құрметті азаматы Қорғанбек Аманжол, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Құдайберлі Мырзабек, «Алтын домбыра» сыйлығының екі дүркін иегері Мұхтар Ниязов, республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы Құрмет Құралхан, «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанты, «Семсер» әдеби сыйлығының лауреаты Қуаныш Оспан және басқа да көптеген жас дарындар, соның  ішінде облыстық, республикалық жыр-мүшайралардың бірнеше дүркін жеңімпаздары Абылайхан Әшімхан, Абзал Балтабай, Абылайхан Наурызхан сияқты жас дарындар бар.

Көкшетау қаласының мерейтойына орай ақындар фестивалі өтті 

Іс-шара аясында поэзия өнерінің атақты шеберлері Төлеген Қажыбаев пен Иран сал Тасқараға құрмет көрсетілді.

Сондай-ақ, «Көкшетау - Нұр-Сұлтан» трассасының бойында тарихи тұлғалар - Ақан сері, Біржан сал, Балуан шолақ, Үкілі Ыбырай, хан Кенесары Қасымұлы құрметіне ескерткіштердің орнатылғаны туралы фильмнің тұсаукесері болды. Аталған жұмыстың авторы - Қазақстан суретшілері одағының мүшесі  Қазыбек Сатыбалдин.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1022452
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


АҚШ-та Трамптың жарлығы 13 min
2500-ден астам астаналы 17 min
Дүние жүзілік малтау жү 24 min
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Өзін-озы басқаруға көме 1 sagt
Арыс қаласында 1172 үй 1 sagt
Ақмола облысында жол ап 1 sagt
Елордалық аз қамтылған 1 sagt
Маса шаққан бөйжеткенні 1 sagt
Қазақстан-Ресей шекарас 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Теннис: Бублик Ньюпорт 2 sagt
Нұркен Мазбаев «Астана» 2 sagt
Алты жастан төменгі бал 2 sagt
Қарағандылықтар аймақта 2 sagt
Казахстанцы могут обрат 2 sagt
Қазақстандық балуан қыз 2 sagt
«Киелі Алтай» 3 sagt
Наркодилер из ВКО призы 3 sagt
Казахстан вошел в списо 3 sagt
Құқық бұзушыларды қоғам 3 sagt
Нұр-Сұлтанда аз қамтылғ 3 sagt
Тараз тұрғынынан 21 кел 3 sagt
Нұр-Сұлтанда бокстан ҚР 4 sagt
Нүркен Мазбаев «Астана» 4 sagt
Әділхан Макин «Славян б 4 sagt
Еуроодақ Түркияға қарсы 4 sagt
Канаданың шығысында ұша 4 sagt
Қарағандыда кәрізге құл 4 sagt
Өңірде биыл іске қосылғ 4 sagt