Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-1246699842 %58 %

Жасөспірімнің үстіне қақпа құлады: полиция тергеу жүргізіп жатыр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:39 - 2019/07/12


Жасөспірімнің үстіне қақпа құлады: полиция тергеу жүргізіп жатыр

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда 16 жастағы баланың үстіне футбол қақпасының құлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте газ жинақтау стансасындағы жарылыстың себебі белгілі болды Бразилияда нөсер жаңбыр бөгетті бұзып кетті, тұрғындар эвакуацияланып жатыр

«Қостанайда қалалық полиция басқармасына кәмелеттік жасқа толмаған баланың үстіне футбол қақпасының құлау фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы 2-бөлігі «Немқұрайлылық» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр» деп хабарлады полицияның баспасөз қызметінен.

Қажетті тергеу шаралары кешені жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, зардап шегушіні Нұр-Сұлтанға жеткізу туралы шешім қабылданған. Дүйсенбі күні оны санавиациямен Ана мен бала орталығына жеткізеді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Бала жасанды жолмен тыныс алып жатыр.

Еске салайық, Қостанайда футбол қақпасының құлауы салдарынан 16 жастағы бала зардап шекті. Қазір ол ауыр халде ауруханада жатыр. Жасөспірімге бірнеше рет ота жасалды. 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1022337
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар