Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-20447195040 %60 %
2019-07-2112556916 %84 %

Кедендік төлемдерден жалтарған кәсіпкер мемлекетке 18,8 млн теңге төледі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:00 - 2019/07/12


 Кедендік төлемдерден жалтарған кәсіпкер мемлекетке  18,8 млн теңге төледі

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат  -  Қытайдан 9 жүк көлігіне тиелген тауарларды Алматы облысындағы «Нұр Жолы» кеден органы арқылы өткізбек болған кәсіпкердің қылмысы әшкере болды. Тексеру барысында ол кедендік төлемдерді төлеуден жалтарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин Тәжікстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бойынша келіссөздер жүргізді Алматыда ең үздік тауар өндірушілерді анықтап жатыр

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметтің мәліметінше, кедендік төлемдерді төлеуден жалтарған кәсіпкер өз кінәсін мойындап, 18,8 млн. теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеген. 

«2019 жылдың 20 наурызынан 1 сәуірге дейінгі аралықта әртүрлі атауы бар тауарлармен 9 көлік Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына Қытай Халық Республикасынан Алматы облысындағы «Нұр Жолы» кеден органы арқылы келді.Тексеру және тексеру кешенін (IDC) пайдалана отырып, кедендік бақылау кезінде «Нұр Жолы» кеден бекетінің қызметкерлері әкелінген тауарлардың атауы мен санына күмән келтірді.

Кейіннен өткізілген техникалық тексерулердің негізінде ИДК-ны қолдану және инспекциялық тәуекел профильдерін енгізу арқылы «А» ЖШС-не жіберілген тауарлардың тексеруі жүргізілді. Кедендік тексеру нәтижелері бойынша тауарларды дұрыс емес декларациялау фактілері анықталды.

Жасалған есептеулерге сәйкес, кедендік декларацияларда жалған ақпарат жарияланған тауарлардың жалпы кедендік құны 72,9 млн. теңгені құрады, ал кедендік төлемдер мен салықтардың жалпы сомасы 18,8 млн. теңге болды», делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Артынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ кәсіпкер көрсетілген төлемдерді толықтай төлеп, істі тоқтатуды өтінген. 

«Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізген тергеу барысында «А» ЖШС директоры кедендік төлемдерді төлеуден жалтару фактісі бойынша кінәлі деп танылған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 236-бабында көзделгендей, ол өзінің ісіне шын жүректен өкініп, бюджетке 18,8 млн. теңге мөлшерінде тиісті кедендік төлемдер мен салықтарды толық төледі және ҚР ҚК 68 бабының 3 бөлігін қолдануға байланысты сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш жасады. Жоғарыда аталған мән-жайларға сәйкес ҚР ҚПК және  ҚК нормаларын басшылыққа ала отырып, тергеушінің қаулысымен «А» ЖШС-нің директорына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуден жалтару туралы алдын ала тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 236-бабының 1-бөлігі бойынша тоқтатылды», деп мәлімдеді мемлекеттік кірістер комитетіндегі баспасөз қызметі.

 

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1022318
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Еліміздің ауыл шаруашыл 13 min
Чили жағалауында қуатты 1 sagt
7 тарау еңбекәқіні кеше 1 sagt
Қызылордада таныстарыны 1 sagt
Ішкі моңғұл автономялы 1 sagt
Перуде Убинас жанартауы 1 sagt
«Зерен-2019»: Танымал т 2 sagt
Біздің мерекеміз: құйқы 2 sagt
Қазақстан джиу-джитсуда 2 sagt
АҚШ Иранмен келіссөз жү 2 sagt
Қарттық жәспен өлшенбеи 2 sagt
Байқоңырдан ғарышқа «Со 2 sagt
Түркияда  «Кәне, балала 2 sagt
«Киелі Алтай: Бере 2 sagt
«Қайсар» өз алаңында «А 3 sagt
Теннис: Александр Бубли 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Жексенбіде елімізді бас 3 sagt
ҚПЛ: «Ақтөбе» сырт алаң 3 sagt
Тұрағұл Абайұлы | Әдеби 4 sagt
Алматы облысында көлік 4 sagt
Теннис: Елена Рыбакина 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Елорда маңындағы Қоянды 4 sagt
Махмұт Сабырхан Президе 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt
Бейбіт Назаров Мартин Б 5 sagt
Бейбіт Назаров Мартин Б 5 sagt
Байқоңырдан тағы бір эк 5 sagt
«Қайрат» Еуропа лигасы 5 sagt