Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-20447195040 %60 %
2019-07-2113464015 %85 %

ШҚО-да 230 көпбалалы ана баспаналы болды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:42 - 2019/07/12


ШҚО-да 230 көпбалалы ана баспаналы болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның  ауылдарында 230 көпбалалы ана бір күнде үйлі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жаңа баспана қымбаттады Түлкібаста салынып жатқан 6 тұрғын үйдің 3-еуі аяқталуға жақын

Бұл туралы ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен ауыл әйелдерінің форумында айтты. ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және әлеуметтік-демографиялық саясатты қолдау жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастарылған форум «Әлеуметтік жауапкершілік, тең құқық пен мүмкіндіктер саясаты» деген тақырып алды.

Шараның пленарлық отырысын ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова ашып, өнегелі ісімен көпке үлгі болған бірнеше анаға құрмет грамоталары мен 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табыстады.

«Біздің облыста 1300 ауылшаруашылық кәсіпорын мен 790 шағын және орта бизнес нысанын әйелдер басқарады. Бір ауданның әкімі әйел адам.  24 ауылдық округті нәзік жандылар басқарады.  57 әйел  мәслихат депутаты болса, 372  әйел мемлекеттік органдарда басшылық қызмет етіп жүр.  Көпбалалы аналарды қолдау - облыстағы әлеуметтік саясаттың басым бағыты болып саналады. Ол үшін тіпті арнайы өңірлік бағдарлама қабылданған болатын.  Дәл бүгін 230 көпалалы ана баспанамен қамтылды. Бұл - аталмыш бағдарламаның бір кезеңі ғана.  Көпбалалы жанұядан шыққан балалардың барлығы балабақшада тегін тәрбиеленіп, колледждерде тегін білім алады. Мектепте аталмыш санаттағы балалар тегін тамақпен қамтылған. Жаңа оқу жылында олардың бәрі тегін мектеп формасын алатын болады»,- деді Әсем Нүсіпова.

Бірнеше топ пен секцияға бөлінген ауыл әйелдеріне жанының нәзіктігіне қарамастан, жауапты жұмысты мойынға алып, қатарының алдын болып жүрген аналар өз тәжірибелерін баяндады. Шай бизнесін табысты жолға қойған Татьяна Смола мен «Айка» шаруа қожалығы базасында өңірдегі танымал туристік нысан ашқан Аэлита Ахметсәлімқызының дәрісін тыңдауға ниетті қыз-келіншектер көп болды.

Форумның практикалық бөлігінде Қазақстан көлемінде аты танылған іскер әйелдер жеке шеберлік сағаттарын өткізді.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1022306
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Еврөпә шяңгәң мәселесі 13 min
Триатлоннан Қазақстан ч 1 sagt
Алдыңғы жарым жылда зеи 1 sagt
Еліміздің ауыл шаруашыл 1 sagt
Чили жағалауында қуатты 2 sagt
7 тарау еңбекәқіні кеше 2 sagt
Қызылордада таныстарыны 2 sagt
Ішкі моңғұл автономялы 2 sagt
Перуде Убинас жанартауы 2 sagt
«Зерен-2019»: Танымал т 3 sagt
Біздің мерекеміз: құйқы 3 sagt
Қазақстан джиу-джитсуда 3 sagt
АҚШ Иранмен келіссөз жү 3 sagt
Қарттық жәспен өлшенбеи 3 sagt
Байқоңырдан ғарышқа «Со 3 sagt
Түркияда  «Кәне, балала 3 sagt
«Киелі Алтай: Бере 3 sagt
«Қайсар» өз алаңында «А 4 sagt
Теннис: Александр Бубли 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Жексенбіде елімізді бас 4 sagt
ҚПЛ: «Ақтөбе» сырт алаң 4 sagt
Тұрағұл Абайұлы | Әдеби 5 sagt
Алматы облысында көлік 5 sagt
Теннис: Елена Рыбакина 5 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt
Елорда маңындағы Қоянды 5 sagt
Махмұт Сабырхан Президе 5 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Бейбіт Назаров Мартин Б 6 sagt