Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-1246699842 %58 %

Ғалымбек Кенжебаев: Елордаға 13 елдің ең мықты боксшылары келе жатыр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:36 - 2019/07/12


Ғалымбек Кенжебаев: Елордаға 13 елдің ең мықты боксшылары келе жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан 16-21 шілде аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін Президент Кубогіне 13 мемлекеттің ең мықты былғары қолғап шеберлері қатысады.  

Ұқсас жаңалықтар
Нұртас Әжбенов грузиялық боксшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді Астана күнінде Жаңқош Тұраров рингке шығады

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев айтып берді.

«Алда өткелі отырған Президент кубогы боксшыларымыз үшін маңызды жарыстардың бірі. Өйткені, әлем чемпионаты қарсаңында ұлттық құрама қатарына ілігетін боксшылар тап осы турнирде таңдалады. Бұл жарысқа әлемнің 13 мемлекетінен ең таңдаулы боксшылар келе жатыр. Алды келіп үлгерді. Біз олармен бірлесіп, соңғы оқу-жаттығу жиынымызды пысықтап жатырмыз», - деді бас бапкер.

Сондай-ақ, бас бапкер ұлттық құрама боксшыларының бұл додаға тас-түйін дайын екенін жеткізді.

«Биылғы Президент кубогі бұрынғыдан өзгеше болмақ.  Бұл жолы бұрынғыдай он салмақ емес, сегіз салмақ дәрежесінде үздіктер анықталады. Жарысқа Азия чемпионатындағы құрам мен Спартакиада жеңімпаздары қатысады. Бүгінгі таңда боксшылар жарысқа тас-түйін дайын», деп атап өтті Ғалымбек Кенжебаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Президент кубогіне ерлер құрамасы мен әйелдер құрамасынан кімдер қатысатыны туралы жазған болатынбыз.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1022297
Пікірлер

Көрші сілтемелер