Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-20447195040 %60 %
2019-07-2110951315 %85 %

Қазақстанның ең үздік учаскелік инспекторлары анықталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:24 - 2019/07/12


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Полицияның үздік учаскелік инспекторы» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде балалар үйінен кетіп қалған жасөспірім бір аптадан бері іздестіріліп жатыр СҚО-да алимент төлемеушілер мен борышкерлер іздестіріліп жатыр

Байқау барысында еліміздің 195 мың тұрғыны әлеуметтік желі арқылы үздік иснпекторларға дауыс берген.

«Республикалық маңызы бар қалалардағы үздік учаскелік инспектор» аталымында Шымкент қаласы Полиция департаменті әл-Фараби ауданының полиция басқармасының полиция инспекторы Ербол Юсупов үздік деп танылды. Оған «Қазақстан Республикасының үздік учаскелік иснпекторы» дипломы, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі және 3 лауазымдық еңбекақы көлемінде қаржылай сыйақы берілді.

«Облыстық маңызы бар қалалардағы үздік учаскелік инспектор» аталымы бойынша Қостанай қаласының Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Жеділхан Нұрпейісов жеңімпаз атанды. Оған да «Қазақстан Республикасының үздік учаскелік иснпекторы» дипломы, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі және 3 лауазымдық еңбекақы көлемінде қаржылай сыйақы табысталды.

«Ауылдық елді мекендердегі үздік учаскелік инспектор» жүлдесін Алматы облысы Қаратал ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Ерасылов жеңіп алды. Оған миинстр «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі және 3 лауазымдық еңбекақы көлемінде қаржылай сыйақы берді.

Одан бөлек, салтанатты шарада бірқатар учаскелік инспекторға мерзімінен бұрын арнайы атақтар табысталды.

Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нарбеков Қанат Маратұлына және Қарағанды облысының Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы, полиция капитаны Жаппаров Дамир Қантайұлына «Полиция майоры» атағы мен 2 лауазымдық еңбекақы көлемінде қаржылай сыйақы берілді.

Атырау облысы Полиция департаменті Атырау қалалық Полиция басқармасының учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Әлиев Ерден Қанатұлы мен Ақтөбе облысының Полиция департаменті Ақтөбе қалалық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Сұлтанғалиев Дастан Данашұлы «Полиция капитаны» атағы мен 2 лауазымдық еңбекақы көлемінде қаржылай сыйақы алды.

Одан бөлек, бірнеше инспектор II дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алғыс хатымен» марапатталды. Марапатталған барлық қызметкерлерге қаржылай сыйақы берілді.

ҚР ІІМ хабарлауынша, учаскелік полиция инспекторларының тікелей жұмысы арқылы жыл сайын 40 мыңға жуық қылмыс ашылады. Елімізде 166 мыңға жуық адам, 8,5 мың отбасы және 7 мыңға жуық кәмелетке толмағандар учаскелік полиция инспекторларының бақылауында тұр.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1022291
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Чили жағалауында қуатты 23 min
7 тарау еңбекәқіні кеше 23 min
Қызылордада таныстарыны 29 min
Ішкі моңғұл автономялы 1 sagt
Перуде Убинас жанартауы 1 sagt
«Зерен-2019»: Танымал т 1 sagt
Біздің мерекеміз: құйқы 1 sagt
Қазақстан джиу-джитсуда 2 sagt
АҚШ Иранмен келіссөз жү 2 sagt
Қарттық жәспен өлшенбеи 2 sagt
Байқоңырдан ғарышқа «Со 2 sagt
Түркияда  «Кәне, балала 2 sagt
«Киелі Алтай: Бере 2 sagt
«Қайсар» өз алаңында «А 2 sagt
Теннис: Александр Бубли 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Жексенбіде елімізді бас 3 sagt
ҚПЛ: «Ақтөбе» сырт алаң 3 sagt
Тұрағұл Абайұлы | Әдеби 3 sagt
Алматы облысында көлік 3 sagt
Теннис: Елена Рыбакина 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Елорда маңындағы Қоянды 4 sagt
Махмұт Сабырхан Президе 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Бейбіт Назаров Мартин Б 4 sagt
Бейбіт Назаров Мартин Б 4 sagt
Байқоңырдан тағы бір эк 4 sagt
«Қайрат» Еуропа лигасы 5 sagt
Ақмола облысында 36 гра 5 sagt