Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-207338230 %70 %

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астаналық энергетиктердің жұмысын сынға алды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:15 - 2019/07/12


Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астаналық энергетиктердің жұмысын сынға алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астананы газбен қамту бойынша өткен отырыста астаналық энергетиктердің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Астана күніне тарту ретінде алматылықтар Нұрсұлтан шыңын бағындырады Елордада The Spirit of Eurasia заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді

Әкім Алтай Көлгінов ТЭО-2 станциясына барып, астананы газдандыру мәселелеріне қатысты көшпелі отырыс өткізді.

Отырыста әлі жоба-сметалық құжаттамалардың дайын емес екендігі анықталды. Сараптамадан өткізілмеген. Қазіргі кезде конкурстарға қатысты сот даулары өтіп жатыр. Кейбір жобалар бойынша әлі де конкурс жарияланбаған. Осының бәрі жауапты құрылымдардың бір-бірімен келіспей жасаған әрекеттерінен туындап отыр.

Отырыста алдағы жылу маусымына көмір жеткізу, «ТЭО-1 және ТЭО-2 станцияларын кеңейту және күрделі жөндеу» жобасының аясында жасалған қондырғыларды «Астана-Энергия» АҚ теңгеріміне беру мәселелері талқыланды.

Астанадағы ТЭО станцияларын газдандыру жобасының 1-кезегі 2019-2021 жылдары іске асырылуы тиіс екендігі айтылды. Осы кезеңде қаланың 633,67 млн текше метрі газ тұтынуы жоспарланған. Бұл жоспардағы жалпы мөлшердің 96%-ын (658,15 млн текше метр) қамтиды.

Әкім қазандық агрегаттарына NID технологияларын енгізу жұмыстарын бақылауды тапсырды. Бұл технологиялар қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттар мөлшерін қысқартуы тиіс.

«ТЭО-1 мен ТЭО-2 - астанаға өмір беріп тұрған стратегиялық нысандар. «Астана-Энергия» АҚ басшылығы келісім жасалмаған мәселелерді шұғыл реттеуі тиіс. Біз жылу электр станцияларын газ қабылдауға дайындауға тиіспіз. Әр бөлімше апта сайын атқарылған жұмыстың есебін беретін болсын», - деді әкім.


Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астаналық энергетиктердің жұмысын сынға алды

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1022156
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Аялдамалар алып тастала 1 sagt
Биыл 3200 адам қажылық 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Республика даңғылында қ 2 sagt
Елордалық полицейлер қа 2 sagt
«Қазақтану» пәні енгізі 2 sagt
Ұлттық кеңестен не күте 2 sagt
Астаналық нарық – жақс 2 sagt
Қазақстанның бірқатар о 2 sagt
Алты жастан мектепке ба 3 sagt
Жылу беру маусымына дай 3 sagt
ҚАЛДЫҚТЫ ДА КӘДЕГЕ ЖАРА 3 sagt
Президент кубогы: Финал 3 sagt
Иран АҚШ санкциясынан қ 3 sagt
Ілгерлеу бар, бірақ бая 3 sagt
Мүгедектерге нысандарды 3 sagt
Пәкістанда экс-премьер 3 sagt
Қарағандыда «Бақытты от 3 sagt
Қиын жасөспірімдер «Жас 4 sagt
19.07.2019 - Parasat ma 4 sagt
Қолды болған құндылықта 4 sagt
Қазақстандық дзюдошылар 4 sagt
Көне дәуірден сырт тарт 4 sagt
Тіл ортақ болмай, қоғам 4 sagt
Муфаса мақалдап сөйлейд 5 sagt
Зеленскийдің партиясы ж 5 sagt
Теннис: Александр Бубли 5 sagt
Тыныштықбек Әбдікәкімұл 5 sagt
130 отбасына қайырымдыл 5 sagt
Оқырмандарды саяхатқа ш 5 sagt