Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-23795422639 %61 %

Мәжіліс депутаттары Жамбылдағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 07:12 - 2019/07/12


ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының мүшелері Әбдіманап Бектұрғанов және Қожахан Жабағиев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс депутаттары бір күндік жалақысын Арыс тұрғындарына аударады Роман Скляр: Республикалық жолдар өзін-өзі ақтайтын тәртіпте жұмыс істейді

Жұмыс сапары барысында халық қалаулылары Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің жаңартылған материалдық - техникалық базасымен танысты.

Өз кезегінде мәжілісмендерге 2018 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 250 миллион теңгеге сандық автоматтандырылған лабораториялық қондырғылармен жабдықталған құзыреттілік орталықтарының жұмысы көрсетілді.

Колледж директоры Жанар Орынбаева «Баршаға арналған техникалық және кәсіптік-техникалық білім» жобасы, жұмысшы біліктілігі, орта буын маманы, қолданбалы бакалавриат бейіні бойынша көп сатылы кадрлар даярланатыны туралы баяндады.

Сондай-ақ, ҚР Парламентінің  төменгі палата депутаттары бірқатар аудандарға ат басын бұрып, өндіріс орындары, нысандар мен мекемелердің жұмысымен танысып, ондағы жұмысшылар мен қызметкерлермен кездесуде.

  

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1022145
Пікірлер

Көрші сілтемелер