Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-158524716 %84 %

Жамбылдық құрылысшылар Арыстағы 21 үйдің жөндеу жұмыстарын аяқтады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 04:09 - 2019/07/12


 Жамбылдық құрылысшылар Арыстағы 21 үйдің жөндеу жұмыстарын аяқтады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша Жамбыл облысының штабы кешеге дейін 21 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтап үлгерді. Қазіргі таңда жамбылдық 300-ден астам құрылысшы 180 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын жүргізуде,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин Арысқа сапарын қорытындылады Оралда Арыстан келген балалар демалып жатыр

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Біржан Сөктай өз әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, штабтың жемісті жұмысынан хабар берді.

 «Арыс қаласына арнайы келіп, қаланы қалпына келтіру бойынша өңірлердің штаб жұмыстарын көрген  ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысының штабына да бас сұқты. Штабтың белсенділігін, жамбылдық құрылысшылардың жемісті жұмысын атап өткен үкімет басшысы өзінің жоғары бағасын берді»,-деп атап өтті Біржан Сөктай.

  Айта кетейік,  бұған дейін xабарлағанымыздай, Жамбыл облысына тиесілі бөліністе 11 көше бар. Онда 312 жеке тұрғын үй, 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан анықталған. Зерделеуден өткен жеке тұрғын үйдің барлығының ақау актілері толтырылып, сметасын дайындау жұмыстары жүргізілді.
Қираған 3 үйдің екеуі қайта тұрғызылып, біреуі толық жаңғыртылмақ. Қажетті құрылыс материалдары күн сайын жеткізілуде. Өз кезегінде үйлері қалпына келтіріліп, қоныстарына қайта жайғасқан арыстықтардың қуанышында шек жоқ. Олар құрылысшыларға өз алғыстарын жеткізуде.

«Жамбылдықтардың Арысқа гуманитарлық көмек көрсетуі әлі де жалғасуда. Жуырда ғана Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясынан Арыстағы құрылысшылар мен жергілікті тұрғындар үшін азық-түлік жөнелтілді. Демеушілердің есебінен жіберілген азық-түліктің ішінде картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, күріш, сиыр еті, ауызсу, макарон, сұйық май, алма, шұжық және 16 тонна ұн бар», -дейді Б.Сөктай.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1022129
Пікірлер

Көрші сілтемелер