Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19278187050 %50 %

Еуропа лигасы: «Ордабасы» Грузияның клубын жеңді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:30 - 2019/07/11


Еуропа лигасы: «Ордабасы»  Грузияның клубын  жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңындағы Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасымен алғашқы кездесуі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еуропа лигасы: «Ордабасы» грузиялық «Торпедоның» осал тұсын таба ала ма Еуропа лигасы: «Тобыл» Люксембург командасымен тең түсті

«Ордабасы» командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе алғашқы минуттан Дмитрий Непогодов, Мардан Төлебек, Пабло Фонтанелло, Темірлан Ерланов, Сергей Малый, Тимур Досмағамбетов, Абдуллай Диакате, Май Махлангу, Мирзад Механович, Жоао Пауло мен Тоқтар Жанғылышбайды шығарды,

Ал «Торпедо» сапында Роин Квасхвадзе, Важа Табатадзе, Давид Хурцилава, Анри Чичинадзе, Цотне Надарая, Матэ Цинцадзе, Папуна Пониава, Вахтанг Небиеридзе, Темур Чогадзе, Заза Цицкишвили және Торнике Капанадзе ойын басталғаннан жасыл алаң төрінен көрінді.

Бүгінгі кездесу «Ордабасының» басымдығымен өтті. Дегенмен ойын барысы баяу жүрді. Доп негізінен алаң ортасында көбірек жүргені рас. Алғашқы жиырма минутқа дейін екі команда тарапынан да қауіпті шабуыл көзге түсе қойған жоқ. Ал 40-минутта шымкенттік шабуылшы Жоан Паоло қарсыластар қақпасына доп бағыттады. Дегенмен ол діттеген мақсатына жете алған жоқ.

Екінші кезеңде алаң иелері гол соғу мүмкіндігін көбірек іздеді. Соған қарамастан олар мергендігімен көзге түсе алған жоқ. Ойынның 50-минутында шымкенттіктер тарапынан белсенді қимыл көбірек көзге түсіп жатты. «Ордабасының» бас бапкері 55-минутта шабуыл шебін күшейте түсті. Қорғаушы Мардан Төлебекті шабуылшы Зики Бадибанга алмастырды. Бұдан кейін 67-минутта жартылай қорғаушы Мирзад Механовичтің орнын шабуылшы Алексей Щеткин басты. Сол сәтте оң қанаттан берілген бұрыштама добын «Ордабасы» ойыншысы Темірлан Ерланов баспен қақпаға соғып кетті. Бұл гол «Ордабасыға» жеңіс алып келді. Шымкенттік клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, бүгін, 11 шілдеде Алматының «Қайраты» сырт алаңда Босния және Герцоговинаның «Широки Бриег» клубымен шеберлік байқасады.  Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01.00-де басталады. Ойын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетелік, 10 шілдеде Қостанайдың «Тобылы» Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Люксембургтің «Женесс Эш» командасымен 0:0 есебімен тең түсті.

Еске салсақ, кеше UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» Румынияның ЧФР командасынан 1:0 есебімен басым түсті.

 

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1022084
Пікірлер

Көрші сілтемелер