Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20325106836 %64 %

Арыста екі сағат ішінде 4 үйдегі өртті сөндірдік - Диас Тоқшыбаев



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:09 - 2019/06/25


АРЫС. ҚазАқпарат - Арыстағы апат барысында босқан жұртқа көмектесіп, өрт сөндіру жұмыстарына қатысқан төтенше жағдай өкілі ҚазАқпарат тілшісіне кешегі күннің қалай өткенін айтып берді.

Ұқсас жаңалықтар
Жапон инвесторлары Арыстағы зардап шеккендерге көмектеспек Атырауда «Арыс, біз біргеміз» акциясы аясында гуманитарлық көмек жиналды

2006 жылы азаматтық қорғаныс саласына келген Диас Тоқшыбаев  қазір Шардара ауданындағы №15 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет етеді. Өзінің айтуына қарағанда Арыстағы жаралыс туралы хабар бөлімшеге сағат 9.30-да жеткен.

«Сағат 9.30-да хабар түсті. Ал 11.30-да Арыста болдық. Әскери есептегі 2 көлікпен 8 адам болып келдік. Келе салып қаладағы адамдарды қауіпсіз аумаққа оқшаулауға көмектестік. 3-4 сағат бойы содан босамадық. Қанша адамды қауіпсіз жерген шығарғанымыз нақты есімде жоқ. Санап тұратын уақыт болған жоқ. Арасында мүгедек жандар да болды. Бәрінен де соларға ауыр тиді», - дейді өрт сөндіруші.

Диас Тоқшыбаевтың жасағы қас қарайған шақта өрт сөндіруге кірісіп кеткен.

«Бізді Аймауытов көшесінде жанып жатқан үйлерге бағыттаған болатын. Сондағы №43, 45, 47 үйлерді, Ақмырзаев көшесіндегі №27 үйді оттан арашаладық. Қора-қопсылары жапсарлас үйлерге жалын тізбек бойынша өтіп отырған ғой. Бұл 4 үймен 2 сағаттай алыстық. Соның арқасында өрт маңайындағы өзге үйлерге тарап үлгермеді», - дейді ол.

Өрт сөндіруші 2009 жылғы өрт кезінде де Арыста болғанын еске алды.

«10 жыл бұрын да өрт сөндіруге келгенбіз. Ол кезде мұндай үрей, қирау болмаған еді. Абырой болғанда маңайымызға снаряд құлап, берекемізді алған жоқ. Ең бастысы қасымдағы жігіттердің бәрі аман-сау.  Мұндай шақта ол да үлкен олжа. Түнгі сағат 23.00-ге дейін тынбай қимылдадық. Ал бүгін біздің орнымызға жаңадан келген лек шықты. Әлі де елдің қажетіне қарай жұмыс істей береміз», - деді ол.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1014981
Пікірлер

Көрші сілтемелер