Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-21448349256 %44 %

Ұлттық кеңеске айтары бар азаматтар енуі керек - Марат Бәшімов



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:39 - 2019/06/13


Ұлттық кеңеске айтары бар азаматтар енуі керек - Марат Бәшімов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қарым-қатынас механизмінің негізін қалайды. Мұндай ойды белгілі саясаткер Марат Бәшімов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздігі сенімді қолда - Жеңісбек Мәуленқұлов Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі-сыртқы саясатпен етене таныс - Әбілқасым Досболов

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінде ең басты екпін - Үшінші жаңғыртуды жалғастыруға беріліп отыр. Бұл ретте әлеуметтік саясатқа баса назар аудару қажет. Әлеуметтік саясат министрліктерге есеп беріп отырған көрсеткіштермен шектеліп қалмай, адам өмірінің жақсарғанын көрсетуі тиіс. Бұл - мүлде басқа стандарттар. Екінші - жауапкершілік. Кез келген шенеунік Президент айтқандай, халық алдында жауапты екенін түсінуі тиіс. Үшіншіден, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастағы жауапкершілікті сезіне білген абзал. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі азаматтық қоғам мен жастардың белсенді қызметі енгізілетін өзара іс-қимылдың тетігін жасауы тиіс», - деді Марат Бәшімов.

Оның пікіріне сүйенсек, кеңес құрамына тәуелсіз ойы бар, пайымы жоғары және билікке өз идеяларын құқықтық, конструктивті тұрғыда жеткізе алатын адамдар кіруі тиіс.

Марат Бәшімов сондай-ақ, қазіргі таңда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа алаңдаушылық бар екенін, ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы айтқанын еске салды.

Марат Бәшімов атап өткендей, қазіргі уақытта барлық әлеуметтік мәселелерді конструктивті түрде шешу қажет. Сондықтан, қоғамның әртүрлі жік өкілдері мен мемлекет басшылары тең дәрежеде сөйлесе алатын диалог алаңын құру елдің одан әрі дамуы үшін өте маңызды. Қазақстанда құрылған ұлттық қоғамдық сенім кеңесі осы міндетті шешуге ықпал етеді.

Еске сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

 

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1008650
Пікірлер

Көрші сілтемелер