Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-06-24558186252 %48 %
2019-06-25560281062 %38 %
2019-06-2614337744 %56 %

Ақтөбеде учаскелік полиция қызметкерлері халыққа жақын болу үшін WatsApp чат ашты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:30 - 2019/06/13


Ақтөбеде учаскелік полиция қызметкерлері халыққа жақын болу үшін WatsApp чат ашты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жергілікті полиция қызметі 8 705 839 31 50 нөмірі бойынша WatsApp желісінде чат ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысының полицейлері сауда орындарын жаппай тексеруде Халықаралық сарапшы ұлттық алдын алу тетігі аясындағы жұмыстарға жоғары баға берді

Учаскелік полиция қызметкерлері мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту, цифрлық бағдарламаны іске асыру, полиция қызметінің жұмысын жандандыру мақсатында арнайы чат ашылды. Енді өңірдің кез келген тұрғыны желі арқылы аймақта қалыптасқан қылмыстық жағдайға қатысты өз ойын ашық айта алады.

«Ішкі істер министрлігі учаскелік полиция инспекторларының жұмысын түбегейлі өзгерту мақсатында бірқатар бастаманы қолға алды. Полицияның жұмысын жүйелендіру, реттеу және жақсарту мақсатында Ақтөбе облысы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі 8 705 839 31 50 нөмірінің WatsApp желісінде чат құрды. Осы нөмір бойынша тұрғындар қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікті сақтау бойынша учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жақсартуға қатысы ұсыныстарын жолдай алады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Әлиевтің айтуынша, бұл азаматтардың полицияға деген сенімін одан әрі нығайтады.

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1008645
Пікірлер

Көрші сілтемелер