Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-23535344954 %46 %
2019-08-24421202749 %51 %

Алматы облысында үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:24 - 2019/06/13


Алматы облысында үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысының Панфилов ауданындағы үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Абай, Ахмет, Әлихан: Семейдегі мектептерге танымал тұлғалардың есімі беріледі

Панфилов ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Панфилов ауданында бұрынғы А. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназияға даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілді. «Көктал орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың атымен аталатын болды. Сондай-ақ, Сәтжол орта мектебіне алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді.

«Қазіргі уақытта үкіметтің арнайы қаулысы шықты. Енді аудан әкімшілігі тарапынан атқарылатын тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз»,-деді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Арман Юсупов.

Айта кету керек, бүгінде Панфилов ауданында орта білім беретін 50 мектеп бар.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1008636
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар