Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21529191842 %58 %

2 пайыздық ипотека қашан беріле бастайды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:21 - 2019/06/13


2 пайыздық ипотека қашан беріле бастайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимова  «Бақытты отбасы» бағдарламасы қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Роман Скляр: Жыл сайын 6000 көпбалалы ана баспаналы болады Петропавлда 91 жастағы зейнеткер балаларға ойын алаңын жасап берді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың есептік кездесуінде «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ төрайымы 2 пайыздық ипотека қашан беріле бастайтынын мәлім етті.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы осы айдың соңында немесе келесі айдың басында іске қосылады. Ол үшін алғашқы қаражат бөлінді. Ілкі жоба аясында Алматы  қаласының әкімдігі бізге 3 млрд теңге бөлген болатын. Бүгінге дейін 98 алматылық отбасы осы 2 пайыздық ипотекамен үй алды.  Бұған қоса жергілікті әкімдік 1 млн теңгеге дейін тұрғын үй сертификаттарын табыстады. Алматы қаласы бойынша тағы 233 өтініш түсті.  Ол өтініштің бәрі мақұлданды», - дейді банк басшысы.

Ләззат Ибрагимова қалған облыстарда мұндай несие алдағы 2 аптаның ішінде қолға алынатынын айтты.

«Қаржы министрлігінен біздің банк есебіне қаржы түскенін күтіп отырмыз. Қаржы түскен күні-ақ «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспана бере бастаймыз. Бұл істің мейлінше ашық жүруін қамтамасыз етеміз. Пәтер алушы адаммен келісімшарт жасау кезінде ипотека иесінен аты-жөнін бағдарлама қатысушысы ретінде тізімге енгізуге келісім аламыз. Осының арқасында қай облыста кімнің 2 пайыздық ипотека алғанын бәрі көріп отырады», - деді банк төрайымы.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1008635
Пікірлер

Көрші сілтемелер