Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-06-16464218247 %53 %
2019-06-17595188948 %52 %
2019-06-1810426221 %79 %

Көкшетауда «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін полиция фронт-кеңсесі ашылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:09 - 2019/06/13


Көкшетауда «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін полиция фронт-кеңсесі ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында ХҚО қағидасы бойынша жұмыс істейтін полицияның фронт-кеңсесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жол бойындағы полиция бекеттерінің қысқаруы заңды - Дәурен Абаев Таразда қызметін өтеу кезінде жараланған полицейге пәтер берілетін болды

Полиция департаменті мен көкшетаулық полиция басқармасының ғимаратында ХҚО қағидасы бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсенің ашылу рәсімі өтті.

Ақмола облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Берік Биляловтың айтуынша, тұрғындармен жұмыс істеуде жаңа форматты енгізу азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтып, өтініш қабылдау кезінде әкімшілік кедергілерді жоюға мүміндік береді.
Көкшетауда «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін полиция фронт-кеңсесі ашылды

«Фронт-кеңсе облыстық департамент пен Көкшетау қалалық басқарманың ғимаратында орналасқан. Қабылдау бөлмесінде алдын ала бекітілген кесте бойынша прокурор және полиция қызметкері азаматтардың өтініш-арыздарын қабылдайды», - дейді ведомстводан.

Бұл - облысымызда бірінші рет ашылып отырған фронт-кеңсе. Мұнда тұрғындарды қабылдау үшін барлық жағдай жасалған. Нысанда азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдайтын арнайы бөлмелер мен арнайы төлем жасай терминалдар да бар. Тегін Wi-Fi интернет желісі, «Адалдық дүкені» жұмыс істейді. Алдағы уақытта облыстың басқа қалалары мен аудандарында да азаматтарға арналған осындай фронт-кеңсе ашу жоспарда бар.

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1008618
Пікірлер

Көрші сілтемелер