Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-06-24558186252 %48 %
2019-06-25560281062 %38 %
2019-06-2611427743 %57 %

«Ақ жол» партиясы Президенттің бастамаларын қолдайды - Азат Перуашев



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:27 - 2019/06/13


«Ақ жол» партиясы Президенттің бастамаларын қолдайды - Азат Перуашев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламенттік партия ретінде біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына көмектесеміз.

Ұқсас жаңалықтар
«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтеді Мәулен Әшімбаев партия Саяси кеңесінің отырысын өткізді

Бұл туралы Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында  «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партия төрағасы ретінде жақында өткен сайлауда жеке өз басым басқа кандидатқа дауыс берген едім. Алайда кешеден бастап Қасым-Жомарт Тоқаев менің де Президентім. Енді кеше ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы белгіленген өзекті мақсаттарды шешу жұмысында парламенттік партия ретінде өз көмегімізді жасаймыз», - деді Азат Перуашев.

Осы орайда депутат саясат функциясы күрес қана емес, сонымен қатар саяси мәдениетті ілгерілету де екенін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпыұлттық коалицияның отырысында  «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қазақстанда жоғары биліктің ауысуы еліміздің барлық заңына сәйкес жүргізілгенін жеткізді.

Атап айтқанда, бүгінгі отырыс барысында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы президенттік сайлаудың нәтижелерін қолдады.

Коалиция елдегі ең үлкен диалог алаңдарының бірі. Ол Қазақстанның жетекші саяси партияларының, ҚХА-ның, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін біріктіреді. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси тұғырнамасын толық қолдайтындарын білдірді.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1008576
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар