Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-06-16464218247 %53 %
2019-06-17595188948 %52 %
2019-06-188122116 %84 %

ШҚО-да 6,5 мың мұғалім екі жыл бойы үстеме ақыдан қағылып келген



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:12 - 2019/06/13


ШҚО-да 6,5 мың мұғалім екі жыл бойы үстеме ақыдан қағылып келген

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы өңірдегі 6,5 мың мұғалімге 2 жыл бойы тиесілі үстеме ақы  төленбей келгенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында 300-ге тарта жұмысшының жалақы қарызы өтелді Қостанайлық кәсіпорын жұмысшыларына 24 млн теңге қарыз

«ШҚО прокуратурасының араласуынан кейін  мұғалімдерге тиесілі қосымша ақы төленетін болды. Мектеп қызметкерлері еңбек құқықтарының сақталуына тексеру жүргізген болатын. Нәтижесінде 6,5 мың мұғалімге ерекше қажеттігі бар балалармен жұмыс жүргізгені үшін қосымша ақы төленбегені анықталды», - дейді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Әсел Момынжанова.

Аталмыш санаттағы балалармен жұмыс істегені үшін мұғалімдер базалық еңбекақыға 40% үстеме ақы алуы керек болған. Сол төлемді мұғалімдер 2 жыл бойы алмаған. 2017-2018 жылдарда берешек 87 млн теңгеден асқан.

«Қазір қордаланған еңбекақы қарызы төленіп жатыр. Білім қызметкерлеріне бүгінгі күнде 14 млн теңгеден астам қаржы өтелді», - дейді прокуратура өкілі.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1008563
Пікірлер

Көрші сілтемелер