Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-06-23481202743 %57 %
2019-06-24558186252 %48 %
2019-06-25425166554 %46 %

Оңтүстік Корея Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Сеулге сапармен келуге шақырды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:54 - 2019/06/12


Оңтүстік Корея Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Сеулге сапармен келуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа Президенттің ұлтты ұйыстыруға білімі де, парасаты жетеді - Несіпбек Айтұлы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Оңтүстік Кореяның Президенті Мун Чже Ин құттықтауында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығая түсетініне сенім білдіріп, Мемлекет басшысын Сеулге сапармен келуге шақырды.

«Қос тарапқа қолайлы уақытта Өзіңізбен Сеул қаласында тағы да кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша жасампаз диалогымызды жалғастыруға дайынмын», - делінген жеделхатта.

Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс, Қазақстан халқына бақ-береке тілеп, екі елдің көпжақты қарым-қатынастарының тереңдей түсетініне сенім білдірді.

Люксембургтің Премьер-Министрі Ксавье Беттель Қазақстан Президентіне құрмет білдіріп, табыс тіледі.

«Мен Қазақстан мен Люксембург арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту үшін Сізбен ынтымақтастықты жалғастыруға мүмкіндік туғанына қуаныштымын», - делінген жеделхатта. 

Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайте өз құттықтау хатында Литва мен Қазақстан арасындағы екі жақты деңгейдегі достық қарым-қатынастар мен өзара диалогты жалғастыруға, сондай-ақ Еуропалық Одақ аясындағы екіжақты қарым-қатынасымыздың қарқыны төмендемейтініне сенім білдіремін. Бұл біздің елдеріміз бен азаматтарымыз үшін мемлекеттеріміздің экономикалық өсімін арттыруға, сондай-ақ біздің халықтарымыздың әл-ауқатын нығайтуға, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге жаңа мүмкіндік ашатынына кәміл сенемін, - деп жазған.

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян Қасым-Жомарт Тоқаевтың айқын жеңісі Қазақстанның заманауи әрі серпінді мемлекет ретінде одан әрі сенімді дамуының негізі болатынын атап өтті.  

«Біздің интеграциялық бірігуіміздің дамуына Сіздің қатысуыңыз Одақтың тұрақты, мақсатшыл жолмен жүруіне және әлемдік экономиканың қозғаушы күшіне айналуына септігін тигізеріне сенімдімін», - деді Тигран Саркисян.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Владимир Норов, Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әмреев, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Жалпыға ортақ еңбек федерациясының Бас хатшысы Владимир Щербаков, «Газпром» көпшілік акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алексей Миллер құттықтау жолдады.

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1008153
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Арыстан 50 бала Орал қа 2 min
Қызылордалықтар Арыстағ 4 min
Трамп әкімшілігін сотқа 5 min
ҚР ІІМ ТЖК: Арыс қаласы 5 min
Ян Вороговский Бельгия 5 min
Әлемдегі ең қымбат 20 ф 5 min
Арыс, біз біргеміз: Кәс 8 min
Арыстағы апат: Зардап ш 11 min
Ақтөбеде автобус пен Ка 14 min
Малшылар таудан көшіп т 15 min
Буыршын ауданында көшел 15 min
Арысқа өңірлерден гуман 15 min
БҰҰ Халықаралық соты Ук 15 min
ҚҰРБАНДЫҚҚА НЕЛЕР ШАЛЫН 15 min
«Жусан» операциясы: Қақ 15 min
Қарағанды әуежайынан Тү 15 min
Арыстағы жедел штаб қал 17 min
Спирттік ішімдіктер, те 25 min
ҚР ІІМ: Әлеуметтік желі 25 min
Айгүл Қапбарова Сенат д 25 min
Мұғалімдердің жалақысын 26 min
СҚО-да демалыс лагері А 29 min
Шымкенттегі шұғыл желіг 1 sagt
ҚР Президенті Арыс 1 sagt
ШҚО лагерьлері арыстық 1 sagt
Көктөғәй ауданының саңы 1 sagt
ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБ 1 sagt
Ақпарат құралдарын тоғы 1 sagt
Шымкенттегі арнайы штаб 1 sagt
Әуелгі мақсатқа,борышқа 1 sagt