Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18410214243 %57 %

Жаңа Президенттің ұлтты ұйыстыруға білімі де, парасаты жетеді - Несіпбек Айтұлы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:12 - 2019/06/12


Жаңа Президенттің ұлтты ұйыстыруға білімі де, парасаты жетеді - Несіпбек Айтұлы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Белгілі ақын, Несіпбек Айтұлы бүгін қызметіне ресми кіріскен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туралы өз пікірін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне үйреншікті сарапшылар ғана жиналмауы керек - Мұхтар Манкеев Айдос Сарым Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуына қатысты пікір білдірді

Оның айтуынша, екінші Президент Қазақстанға жаңа өзгерістер әкеледі дегенге сенім мол.

«Президент бүгін ант қабылдады. Бірақ онымен жұмыс бітпесе керек. Жаңа Президенттің алдында қордалы мәселелер тұр. Ел ішіндегі түрлі қарсылықтардың тоқтауына күш салуы керек әуелі. Ол үшін халықпен сөйлесіп, қалауына құлақ асуы керек. Әлеуметтік жағдайды жақсартатынын айтып-ақ келеді. Мен бұл Президенттен көп үміт күтемін» - дейді ақын.

Астаналық ақын жаңадан сайланған Мемлекет басшысына мәдениет саласын көтеру бойынша бірқатар шаруаларды қолға алу керектігін де айтады.

«Білім саласына, әлеуметтік жағдайға, руханият әлеміне  түбегейлі өзгерістер керек. Жастарға деген қолдаудың тың бағытын тапқанымыз жөн. Жастардың санасы қазір сан саққа жүгіріп бара жатыр.  Бірлікті, ұлттық патритотизмді, ел мен жерге деген  сүйіспеншілікті күшейтіп, халық пен зиялы қауымның арасын жақындату қажет деп ойлаймын. Білім саласындағы жемқорлық мені ақын ретінде де, азамат ретінде де алаңдатады. Жаңа министр көп  дүние жасап жатыр. Сондай-ақ өз ісінің мамандарына мүмкіндік берілсе екен. Елдің ішіне, ауылдағы елдің тұрмысына көңіл бөлінгенін қалаймын. Жаңа Президент оны ескереді деп сенемін өз басым.  Көпбалалы аналардың, мұғалімдер мен дәрігерлердің, кітапханашы мен музей қызметкерлерінің, мәдениетке қатысы бар мамандардың барлығының еңбекақысын өсірмей болмайды», - дейді Несіпбек Айтұлы.

Ол, сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік тілдің аясын кеңейту бағытындағы бастамаларын оң бағалады. 

«Президент өз қызметіне алғаш кіріскенде-ақ мемлекеттік тілдің тынысын кеңейту керектігін айтты. Осының алдында ғана үкіметтік ұйымдардағы мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейіне тексеру жүргізді. Осы бағыттағы беталыстары мені қуантады. Мемлекеттік тілді тұғырына қондырмай, мемлекетіміздің болашағы айқындалмайды. Сосын іштегі бірлікті күшейтпесе болмайды. Бізді дін мен діл мәселесінде теріс бағытқа әкетіп бара жатқан топтар бар. Жаңа басшымыздың мұны да еңсеруге білімі, білігі жетеді деп ойлаймын. Баяғы Абай заманын еске түсіретін, халықты іштей ірітіп, бірін-біріне қарсы қойып жатқан партия,  топтар бар. Олардың мақсаты елдің ішін ырың-жырың қылып жіберу. Біздің Президентіміз осы мәселеге көңіл бөледі деп ойлаймын. Көп оқыған адам ғой, жетілген мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп, онысын үлгі ретінде жиі айтып жүреді. Ақылы толысқан, кемел кезінде ел тізгінін қолына алды. Сондықтан отанымызды тағы да бір жаңа белеске көтереді ғой деген үмітім бар. Президенттің өзі де көп сөзден іске көшетін кез келгенін айтып жүр. Расымен де жалған ұран, жалаң ақпараттан нақты іске көшетін кез келді. Билік пен халық арасына түскен жікті жалғау міндеті тұр алдында. Халықпен тіл табысуға, ұлтты ұйыстыруға біздің Президент үлкен-үлкен қадамдарға барады деп ойлаймын. Оған парасаты да, білімі де, тәжірибесі де жетеді», - дейді ақын.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1008139
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


"Мұнымен біз тоқтап қа 8 min
Тоқаев Қазақстанның Қар 25 min
Ғасырдан астам уақыт са 28 min
Еліміздің қала шоғыры қ 28 min
Қасым-Жомарт Тоқаев АрМ 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев АрМ 1 sagt
Қазақстанда 19 тамызда 1 sagt
Индя мен пәкистәннің шұ 1 sagt
Шекарашылар күніне арна 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
ҚР Президенті қазақстан 1 sagt
Иран мұнай кемесі енді 1 sagt
«Ливерпуль» өзінің 5 жы 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Ақтоты Райымқұлова қаза 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Ирақ қорғаныс министрлі 2 sagt
Қызылордада ғасырдан ас 2 sagt
Досжан Хазірет жайлы не 2 sagt
Өскеменде триатлоннан Қ 2 sagt
Шинжяң хабарлары 2 sagt
Шинжяң хабарлары халық 2 sagt
Мамандар: а қ ш-ның жүң 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Қазақ күресі: Азия чемп 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Африкада арыстандар аза 3 sagt
Қазақ күресі: Азия чемп 3 sagt
Даккада өрттен 50 мыңда 3 sagt
Еліміздің бірнеше өңірі 3 sagt