Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-17677203038 %62 %

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне үйреншікті сарапшылар жиналмауы керек - Мұхтар Манкеев



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:42 - 2019/06/12


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне үйреншікті сарапшылар жиналмауы керек - Мұхтар Манкеев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда құрылатын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне жаңа идеялары бар жаңа тұлғалар қажет.

Ұқсас жаңалықтар
Александр Винокуров инаугурация туралы: Жастарды қолдаудың жаңа идеяларын естідік Сайлаухан Аухадиев: Сарабдал саясатты жалғайтын салмақты адам келді

Бұл туралы «Қазақстан - 2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл бастаманы Президенттен екінші рет естіп отырмыз. Бірінші рет сайлауалды үгіт-насихат кезінде айтқан болатын. Бүгін нақты сайланып, Президент ретінде бекітіліген соң толық сеніммен айтты. Біз қазіргі кезде Қазақстанда түрлі аудиториялардың қалыптасқанын көріп отырмыз. Оның бір дәлелі - жексенбіде өткен сайлау. Қасым-Жомарт Кемелұлы 70% алды, өзгелері 15%, 5%, 1,5% дауыс жинады. Бірақ, әр пайыздың артында мыңдаған, жүз мыңдаған адамдар тұр. Олар әр үміткердің бағдарламаларын оқып, сенім артып, дауыс берді. Бұл біріншіден біздің қоғамның белсенділігін көрсетеді. Екіншіден, әр аудиторияның сұрақтары мен көзқарастарының бөлек екенін көрсетті. Сондықтан, барлық топтармен жұмыс істеу үшін жаңа коммуникациялық платформа қажет», - деп атап өтті Мұхтар Манкеев.

Оның айтуынша, күнделікті көріп жүрген сарапшылар қайтадан жиналып алса, кеңестің еш ерекшелігі болмайды.

«Кеңеске қоғам белсенділері, сарапшыларды шақырамыз деп жатыр. Ол кісінің идеясын дұрыстап жүзеге асыру - басты мақсат. Күнделікті көріп жүрген сарапшылар, күнделікті саясатта жүрген адамдар қайтадан келіп отырып алса, өзгерістің болуы екіталай. Менің ойымша, кеңеске қоғамның барлық тобынан жаңа идеясы бар жаңа адамдар керек. Олар сөзбен емес, іспен өздерін нақты дәлелдеген адамдар керек. Кеңесте неше түрлі жобалар жүруі мүмкін. Соның бәрін сарапшы жүзеге асырып көрмесе, ойлары да бөлек боулы мүмкін. Ал кеңестің басты рөлі - Қазақстандағы 18 млн азаматтың әрбірінің ертеңгі күнге үмітін  ақтап, жақсы коммуникациялық жолға айналу», - деді М. Манкеев.

Сарапшы кеңес форматын интерактивті, ашық етіп, қоғамдағы барлық топтың белсенділерін қатыстыруды және кеңесті саяси емес, әлеуметтік кеңес ретінде дамытуды ұсынды.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруды ұсынып, кейіннен Жарлыққа қол қойды.

Оның құрамына барлық бірлестік өкілдері мен жастар енеді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы осы жылдың тамыз айында өтеді.

 

 

 

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1008124
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


В 6 случаях можно смотр 3 min
Қанат Исламның қарсылас 3 min
МЫРЗАКЕНТТІҢ ОРТАЛЫҚ АЛ 3 min
Татарстанда аударыспақт 6 min
Аз ұлттардың 11 - кезек 8 min
«Халықаралық сауда» инд 8 min
Валентина Исламова әйел 12 min
Қазақстанның арзан бенз 15 min
Министр: Қазақстандық о 18 min
Қазақстан бизнес жүргіз 18 min
ҚР Президенті жұмыс сап 24 min
Алматыда жиһаз цехының 27 min
Жансая Әбдімәлік әлемн 28 min
«Астана» «Манчестер Юна 28 min
Нәурізбек қабылқақ ұлы 28 min
Аз ұлттардың 11 - кезек 28 min
Қазақстандықтар өз әкім 30 min
Мұхаммед пайғамбар исла 1 sagt
Қазақстанда күн 35 град 1 sagt
21 млн теңге жымқырған 1 sagt
Теннис: Путинцева Осака 1 sagt
1400 шақырым жол жөндел 1 sagt
Қазақстан мен Ресей шек 1 sagt
Павлодарда заңсыз алког 1 sagt
Алматыда мектеп терезес 1 sagt
Ол жерде өзіне-өзі қол 1 sagt
Ингушетия Жоғарғы соты 1 sagt
Алматыда мектеп терезес 1 sagt
Қанат Ислам 26 қазанда 1 sagt
Жан Кособуцкий салмағы 1 sagt