Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-06-16464218247 %53 %
2019-06-17595188948 %52 %
2019-06-1810426221 %79 %

«Ұлы даланың Түркістаны» атты республикалық фотоэкспедиция басталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:48 - 2019/06/12


«Ұлы даланың Түркістаны» атты республикалық фотоэкспедиция басталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Ұлы даланың Түркістаны» атты республикалық фотоэкспедиция басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Туристер көруі тиіс Қазақстандағы 10 жер аталды Бурабайда «Жайлау» этноауылы ашылды

Экспедиция мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді орындау, өңірдің киелі және туристік орындарын насихаттау.

Аталған фотоэкспедиция Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен және аудан, қала әкімдіктерінің қолдауымен өтіп отыр. Республикалық деңгейдегі экспедицияға «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы (Алматы)  бастаған фототілшілер қатысуда. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, БҚО және Түркістан облысынан 15 кәсіби фототілші шақырылған. Олардың арасында Балмұрат Орынбай, Оңғарбек Алхаров, Мерей Қайнарұлы, Айтжан Мұрзанов, Қайрат Шалтақбаев және өзге де танымал фотографтар бар.
«Ұлы даланың Түркістаны» атты республикалық фотоэкспедиция басталды 

Сурет саласының майталмандары Түркістан, Кентау қалаларымен қатар, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сайрам, Төле би, Түлкібас және Қазығұрт ауданының киелі және туристік орындарын суретке түсіреді. Бір аптаға созылатын экспедицияда түсірілген туындылар 17 маусымда Түркістан қаласында өтетін «Ұлы даланың Түркістаны» атты сурет көрмесінде ел назарына ұсынылады.
«Ұлы даланың Түркістаны» атты республикалық фотоэкспедиция басталды 

Еліміздің ең таңдаулы фотографтары Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыстар мен өзгерістерге ризашылықтарын білдірді. Олар туристік және киелі орындардың көп шоғыры орналасқан Түркістан облысының тарихи ескерткіштері мен орындарын суретке түсіріп, жұртшылыққа жеткізетінін айтты.

Еске сала кетейік, 2019 жылы 19 маусымда Елбасы, ҚР Тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылған болатын. Бұл ақжолтай жаңалықты қазақ халқы ғана емес, түркітілдес мемлекеттер де қуанышпен қабылдады. Осы бір жыл көлемінде Түркістанда ауқымды жұмыстар қолға алынды.


«Ұлы даланың Түркістаны» атты республикалық фотоэкспедиция басталды 

 

 

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1007935
Пікірлер

Көрші сілтемелер