Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-17677203038 %62 %

Қызылордада көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:03 - 2019/06/12


Қызылордада көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолында «Toyota Camry» маркалы автокөлік жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да жүк тиегіш трактор мен автокөлік соқтығысты Ақтөбеде доп қуып жүрген 7 жасар бала көлік астына түсіп, мерт болды

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш оқиға 10 маусым күні орын алған. Нәтижесінде жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

«Аталмыш оқиға сағат 22.30 шамасында орын алған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.

Баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеудің басқа деректері жария етілмейтінін жеткізді.

Бұдан бұрын Қызылордада көлік оқиғасынан екі адам қаза болғанын хабарлаған едік.

 

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1007912
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар