Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21529191842 %58 %

Ақмолада полипропилен қапшық өндіретін кәсіпорын ТМД нарығын бағындырмақ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:48 - 2019/06/12


Ақмолада полипропилен қапшық өндіретін кәсіпорын ТМД нарығын бағындырмақ

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 2013 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған «Асыл арман» ЖШС (Новопэк) полипропилен қап (бір реттік қолданылатын шағын және Биг-Бег қаптары) шығару бойынша нарықта көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда мол өнім жинаған шаруа Ресейге қырыққабат экспорттады Біздің өнімдеріміз басқа елдерде танымал болуы тиіс - Асқар Мамин

Бүгінгі күні компания Кедендік одақ талаптарына сай келетін, сапалы өнімдерді шығарып, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне саудалайды. Алдағы уақытта ТМД нарығына шығу жоспарда бар.

Еуропа, Тайвань елдерінен әкелінген қазіргі заманғы жабдықтармен жарақталған кәсіпорында  ұн, қант, тұз, жарма, цемент, мыс концентраты, ферроерітінді сияқты өнімдер салуға қолданылатын полипропилен қаптар өндіріледі. Технология дүниежүзілік стандарттарға сай. Кәсіпорын басшысы Рүстем Усмановтың сөзінше, өндіріс орны 32 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Онда 600-ден астам адам еңбек етеді. Кәсіпорынның жылдық қуаты 10 миллионнан астам дана қап шығаруға жетеді.

«Келешекте биг-бег қаптарын шығаратын тағы 20 станок орнату жоспарланған. Бұл өндіріс қуатын 60 пайызға арттыруға мүмкіндік береді», - дейді Рүстем Усманов.

Кәсіпорын басшысы өндіріс орнында сұраныс жоғары жеңіл қаптарды шығару бойынша жоба әзірленіп жатқанын атап өтті. 2019 жылдың мамырында жылдық қуаты 1,7 миллион дана дайын өнім шығаратын «Көкше Sity» жаңа өндіріс орны іске қосылып, 95 жаңа жұмыс орны ашылды.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1007901
Пікірлер

Көрші сілтемелер