Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-06-16464218247 %53 %
2019-06-17595188948 %52 %
2019-06-188122116 %84 %

Қазақстанда 67 ірі су көзі ластанған



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:30 - 2019/06/12


Қазақстанда 67 ірі су көзі ластанған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы 67 ірі су көзі ауызсу ретінде пайдалануға жарамсыз. Су ресурстарын тиімді басқару мәселесіне арналған халықаралық семинар барысында осындай ақпарат айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
180 мемлекет пластик санын азайтуға келісті - БҰҰ Бурабайда «Парктер шеруі» халықаралық акциясы өтті

«Еуорпалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау саласындағы өңірлік ынтымақтастық деңгейін арттыру» жобасының сарапшысы Анатолий Крутов  Қазақстанда жерүсті су көздерінің ластануы жаппай белең алып бара жатқанын айтады.

«Соңғы ондаған жылда Орталық Азиядағы өзендер бұрынғыдан бетер ластана түскен. Қазақстан туралы да осыны айтуға болады. «Қазгидромет» мекемесінің дерегі бойынша,  ауызсу көзі ретінде саналатын өзен-көлдердің ішінде тек 7 су көзі ғана «нормаға сай» деп танылған. 42 өзен «қалыпты ластанса», 24 өзен өте қатты ластанған. Бір өзен шектен тыс улы саналады», - дейді Анатолий Крутов.

Дегенмен, сарапшының айтуынша, мұндай жағдай экологияға ерекше көңіл бөлінетін Батыс елдеріне де тән көрінеді.

«Бұл өзен-көлдерге адам жоламасын деген сөз емес. Тек ауызсу көзі ретінде пайдалануға болмайды. Бұл - тек Қазақстанға ғана тән проблема емес. Әлемнің барлық елдерінде бар. Қазақстан бұл тұрғыдан алғанда жаһандық рейтингтің бел ортасында тұр. Швеция, Люксембург сияқты елдерде өзен-көлдердегі судың сапасы сын көтермейді. Сөйте тұра оларды ауызсу көзі ретінде пайдаланды. Өйткені, технология жақсы дамыған. Ондай технологияны сіздерге енгізетін болса, аталған көздердің барлығын ауызсу құбырына пайдалануға болар еді», - дейді Анатолий Крутов.

Анатолий Крутов ауызсу мәселесі Орталық Азия елдерінде оңды шешілуі үшін Еуропалық Одақ қаржылай көмек көрсетуге дайын екенін айтады.

«Осы семинар барысында Еуропалық Одақ өкілдері көптеген қызықты ұсыныстар айтты. Соның ішінде инвестициялық жобаларды қаржыландыруға дайын екенін айтып отыр. Сондықтан, Қазақстанға су ресурстарын басқару және пайдалану бойынша қандай мәселенің өзекті екенін пайымдап алу қажет», - дейді су ресурстарының сарапшысы.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1007891
Пікірлер

Көрші сілтемелер