Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


“Трамп тұтқында отыр…”. АҚШ президентінің жақтастары жеңілгенін мойындар емес | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 22:00 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/sadak/59588-tramp-tutqynda-otyr-aqsh-prezidentin


“Трамп тұтқында отыр…”. АҚШ президентінің жақтастары жеңілгенін мойындар емес | DalaNews
| DalaNews

“Трамп тұтқында отыр…”. АҚШ президентінің жақтастары жеңілгенін мойындар емес

Капитолийге лап қойған Трамп жақтастарының әрекеті күллі әлемді түршіктірді. BBC агенттігі «Конгресске шабуыл жасағандар бұған күні бұрын дайындалды, интернетте қауымдастық құрып, шабуыл жоспарын жасасты» дейді.

Сайлау аяқталғаннан кейін сағат тілі түнгі 3-тен ауғанда Дональд Трамп Ақ үйдің мінберіне көтеріліп, мәлімдеме жасады.

«Біз бұл жеңіске ерте бастан дайындалдық. Бұл сайлауда жеңдік», – деді ол.

Соның алдында Твиттерде: «Бұлар менің жеңісімді ұрлап алмақшы…» деген жазба қалдырды.

Трамп бұл сайлауда жеңілді. Ешкім оның даусын ұрлаған жоқ еді. Ол және оның жақтастары әлі күнге дейін жеңілгенін мойындамай келеді.

65 күннен кейін…

65 күннен кейін Капитолийге сайлаудың таза өткеніне сенбеген түрлі санаттағы тобыр басып кірді.

Әлгі жағдайдан кейін екі күн өткесін Твиттер админдері «тазалау» жұмысын бастады. Олар сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартқан Трамп жақтастары мен санаға сыймайтын түрлі астыртын теория фанаттарының парақшасын жаппай бұғаттады. Бұған президент парақшасы да ілікті.

Твиттер мұны «жағдайды әрі қарай ушықтырмау мақсатында жасалған әрекет» деп түсіндірді.

Жағдайдың осыған ұрындырарын Трамп жақтастарының интернеттегі форумын жіті бақылаған азаматтар күні бұрын болжап, ескерткен еді.

Науқан басталардан бір ай бұрын Трамп сайлауда дауыс ұрланатыны туралы идеяны халықтың санасына сіңдіріп, адастыру, арандату жұмысын бастап кетті.

Әлемжеліні сайлаумен байланысты сенсациялық видеолар жаулап алды. Иә, кейбір контенттің растығы дәлелденді.

Мәселен, Филадельфиядағы сайлау учаскесіне республикалықтардың бақылаушысын кіргізбей қойған. Алайда бұл жағдайда түсінбеушілік болғаны кейін анықталып, бақылаушы учаскіге өтуге рұқсат алды.

Десе де, Трамп бастап берген «науқан» күш ала түсті.  #StopTheSteal (дауыс ұрлауды тоқтатамыз) хэштегімен сайлаудағы заңсыздықтармен байланысты жүздеген видео тарала бастады. Трамп жақтастары фейк ақпаратты барынша пайдаланады. Тіпті Ресей президентінің сайлауындағы заңбұзушылықтарды Америкада болғандай етіп көрсетті.

Трамп жақтастары өз кандидатының жеңіске жеткеніне шүбәсіз сенді, оның жеңілісін биліктің төңірегіндегі «өзара ауыз жаласқан сыбайлас күштерден» көрді.

4 қараша күні дауыс санау процесі әлі аяқталмаған тұста Трамп өзінің жеңіске жеткенін мәлімдеп үлгерді. Тек 3 күн өткеннен кейін БАҚ Байден vs Трамп текетіресінің жеңімпазын атады.

Трамп өз тарапынан сайлауды Америка халқына жасалған опасыздық деді. Алайда бұған жарытымды дәлел таба алмады. Зерттеулерге қарағанда, АҚШ-тағы сайлауда фальсификациялардың орын алуы сирек көрініс.

Дәл сол күні Фейсбукте «Stop the Steal» тобы құрылып, бір тәулік ішінде оның мүшелерінің саны 300 мың адамға жетті.

Топ мүшелері «сайлауда жаппай заңсыздықтар орын алды, Байден жақтастары өлген адамдарды сайлаушылар санатына қосты» деген жалған ақпарат таратты.

Бұдан бөлек, дауыс беру құрылғылары дауысты Байденге беруге «бейімделгені» туралы айтылып, топ белсенділері (Америкада) төңкеріс жасау туралы идеяны айналдыра бастады.

Фейсбук әкімшілігі топты өшіріп тастағанымен, оның орнына дәл сондай басқа қауымдастықтар пайда болды. Америкалықтардың біразы сайлау заңсыз өтті деген фейк ақпаратқа алданып қалды.

7 қараша…

7 қарашада дәстүрлі түрде сайлау қорытындысын хабарлайтын «Ассошиэйтед пресс» агенттігі Байденнің жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Трамп жақтастары дүр көтерілді. Жүздеген, мыңдаған адам Вашингтонға ағылды. Бұлардың арасында түрлі ультраоңшыл топтардың мүшелері мен мигранттарға қарсы күрескерлер, түрлі қисынсыз теорияларға сенетін фанаттар мен көшедегі зорлық-зомбылықтарды қолдайтын қасқөйлер төбе көрсетті.

Трамп өз жақтастарына дем беріп, лимузиннен қол бұлғады. Бұл шақта президент заңгерлері сайлаудың әділетсіз өткенін дәлелдеу үшін сот босағасында түнеп, күресуге кіріскен еді.

Бұлардың арасында – Сидни Пауэлл мен Эл Лин Вуд ерекше көзге түсті.

Олар қолдарында сайлаудың әділетсіз өткені туралы дәлел барын айтып, Байденнің жеңісін заңсыз деп тануды талап етті.

Осы туралы Fox News-ке сұхбат берген Пауэлл Трамп жақтастарының сүйіктісіне айналды. Оның ішінде билікті сайтанмен сөз байласқан және бала саудасымен айналысатын үлкен құрылым бар деген теорияға сенетін Америкадағы QAnon қозғалысының мүшелері Трамп адвокаттарының жанынан табылды.

Алайда заңгерлердің сайлауға қатысты дәлелдері іске алғысыз болып қалды. 200 парақтан тұратын шағымдағы дәлел мен дәйектің түпөзегі жоқтығы, шынайылыққа сәйкес келмейтіні және түрлі заңгерлік қателікпен жазылғаны анықталды.

Әйтсе де бұлардың аргументі интернетте үлкен пікірталас туғызды. Сотта жеңіліс тапқан Трамп жақтастары бұдан кейін сайлауға жауапты шенеуніктерді қорқытып, үркітуге көшті. Бұлардан жәбір көрген Джорджиядағы мемхатшы кеңсесінің шенеунігі Габриель Стерлинг мұның соңы қантөгіске ұласатынын айтып, мәлімдеме жасады.

Желтоқсанда наразылыққа шыққан отызға тарта адам Мичиган штатының мемхатшысы Джоселин Бенсонның үйін қоршап алды. Олар сайлауды заңсыз деп тануды талап етіп, Бенсонды демократия дұшпанына теңеді.

Аризонада ашулы топ штат мемхатшысы Кэти Гоббстің үйінің алдына келіп, оны аңдып жүргендерін ескертті.

11 желтоқсанда АҚШ Жоғарғы сот Техас штатының сайлау нәтижесін қайта қарау туралы шағымын кері қайтарды.

Саяси және заң жолымен күресу опциялары таусылған Трамп жақтастарының арасында күш қолдану туралы пікірлер айтыла бастады.

Келесі күні Вашингтонда сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартқан мыңдаған адам көшеге шықты. Бұл Трамп жақтастарының екінші ірі ереуілі еді.

Екі күн өткесін сайлаушылар коллегиясы Байденнің жеңісін ресми растады, науқанға нүкте қойды. Байденді Ресей президенті Путин және Республикалық партияның лидері Митч Макконелл құттықтады.

Амалы таусылған Трамп жақтастары сайлау нәтижесін теріске шығару үшін жедел әрекетке көшу керек деген шешім қабылдайды.

Олардың арасында қолданушылар экстремистік идеяларын ортаға салып, порнографиямен емін-еркін бөлісетін 8chan және 8kun платформасының негізін қалаушы Джим Уоткинстің ұлы Рон Уоткинс ерекше көзге түсті.

17 қарашада Уоткинс Трамп жақтастарына үн қатып, «республиканы қалпына келтіру үшін» әскерилерге арқа сүйеген Юлий Цезарьдан үлгі алуға шақырды.

Твиттердегі 500 мың оқырманынан  #CrossTheRubicon (Рубиконнан өту) хэштегін белсенді насихаттауды сұраған ол, сол арқылы әскерді Сенатқа айдап салған Цезарьдің шешімін мысалға келтіреді.

Бұл хэштегті ашық қолдаған шенеуніктердің арасында Аризона штатындағы Республикалық партияның бөлім бастығы Келли Уорд бар.

Уоткинс Трампқа әскер мен федералды күш құрылымдарына пәрмен беретін «бас көтеру» туралы заңды күшіне ендіруге кеңес берді.

Келесі күні Трамп өз командасының мүшелерін Ақ үйге ақылдасуға шақырды. New York Times хабарлауынша,  осы жиында генерал Флинн елде әскери жағдай енгізіп, сайлауды қайтара өткізуге кеңес берді.

Кеңесте кеңінен сөз болған мәселелер елдегі азаматтық соғыс пен төңкеріс туралы қауесетті өрістете түсті.

Көптеген ультраоңшыл белсенділер 6 қаңтарда Конгрессте өтетін сайлау нәтижесін бекіту туралы қос палатаның отырысын өздерінің соңғы мүмкіндігі ретінде қарастырды.

Президенттің ең радикалды жақтастары және QAnon адептері жаңа жоспар құрды. Олар өз төңірегін «осы күні Трамп Вашингтонға әскер енгізеді, жеңісті тартып алған биліктегі сыбайлас топтардың өкілдерін Гуантанамодағы абақтыға жабады» дегенге сендірді.

Бұған алданған мыңдаған адам 6 қаңтарда Вашингтонға лап қойды. Олар Американың әр түкпірінен келді.

Митинг өтердің алдында «трампшылдар» бас қосатын TheDonald сайтында қолданушылар өздерімен бірге отты қару әкелмек ойы барын жазды. Бұл Америка астанасының заңына қайшы болатын. Осы сайтта Капитолийді басып алу туралы және Конгресстегі «сатқындарды» құрықтау туралы жоспар ашық талқыланды.

6 қаңтар…

6 қаңтарда Трамп Ақ үйдің жанындағы саябақта өзін қолдауға жиналған сайлаушылардың алдында бір сағат бойы сөз сөйледі. Әуелде бейбіт және патриоттық әрекетпен шектелуді өтінген Трамп сөзінің соңын Капитолийге барыңыздар деген үндеумен аяқтады.

«Біз бар күшімізді сарп етіп күресудеміз. Аяғына дейін күреспесек елден айырыласыздар. Сондықтан да біз Пенсильвания авенюмен жүріп отырып Капитолийге барамыз…» – деді президент.

Шараны сырттай бақылаған сарапшылар мұны соңы қантөгіспен аяқталатынын ескертті.

Саясаткер Майкл Чертоффтың айтуынша, Трамп аудиториясы сайлауда бұрмалаушылық болып, саяси науқанның әділетсіз өткеніне әбден иланып алған.

«Бұлардың арасында зорлық-зомбылыққа бейім экстремистер де жүрді. Олар халыққа өзімен бірге қару асынып келуге кеңес берді», – дейді ол.
Әйтсе де сол күнгі оқиғалар республикалықтардың басым көпшілігін есеңгіретіп кетті.

«Мұны көріп жаным түршікті. Жағдайдың соншалықты ушығарын күткен жоқпын», – дейді Виргиниядан келген 68 жастағы республикалық Джеймс Кларк.

Алайда интернет кеңістігінде бұл әбден пісіп-жетілген жоспар болатын. Ультраоңшылдар мен ақылға сыйымсыз түрлі теорияларға сенетіндер сайлаудың әділ өтпегеніне сенімді болды және бұл шабуылға күні бұрын дайындалды.

Әзір қос палата өкілдері қауіпті алдын ала болжай алмаған құқық қорғау органдарынан жауап талап етуде.

Джо Байденнің инаугурациясы өтетін 20 қаңтарда қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілді. Алайда радикалдар бұл күні де алаңға шығуға үндеп, үгіт-насихат жүргізуде.

Конгресс мүшелері әлеуметтік желілердің өкілдерінен миллиондаған америкалықтың санасын тұмшалаған түрлі астыртын теорияларға қатысты түсінік беруді талап етуде.

Бұған жауап ретінде Твиттер Трамп пен генерал Флинннің, заңгерлер Пауэлл пен Вудтың және Уоткинс аккаунтын өшіріп тастады.

Капитолийге шабуыл жасағандардың арасында 68 адам қамауға алынды. Алайда осы митингінің өзге мүшелері әлі де болса параллельді ақпараттық кеңістікте өмір сүруде.

Олар Трамптың тәртіпсіздіктен кейінгі мәлімдемесінің өңін өзгертіп, өз қолайына қарай бұрмалап алған. Президент өз сөзінде 20 қаңтардан кейін билікке жаңа әкімшілік келетінін мәлімдеген болатын.

Трамп жақтастары оның бұлай дегенін мойындағысы келмейді. Олардың пайымдауынша бұл видео – дипфейк. Тағы бір радикалдар «Трамп тұтқында отыр…» деген жалған ақпарат таратуда. Бұлардың көпшілігі оның билікті сақтап қаларына сенімді.

Трампты алда не күтіп тұрғаны уақыттың еншісінде, ал Капитолийге басып кірген топтың арыны қайтар емес.

 

Аударған, Думан БЫҚАЙ 

ВВС агенттігінің материалы негізінде әзірленді

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1335733
Пікірлер

Көрші сілтемелер