Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақ спортының қара нары еді… | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 21:30 - 2020/06/29

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/54082


Қазақ спортының қара нары еді… | DalaNews

Қазақ спортының қара нары еді…

Орны толмас ауыр қаза қазақ спорты мен біздің отбасымызды ойсыратып кетті. 28 маусым күні әулетіміздің тірегі, адал жар, сүйікті әке болған бәйтерегіміз, қазақ спортының меценаттарының бірі, әйгілі палуан, елжанды нартұлға Самат Әділханұлы Рамазанов кенеттен қайтыс болды.

Самбодан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионы, КСРО құрамасының мүшесі, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, сумодан Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, қазақша күрестен  абсолютті чемпион, Абайдың 150 жылдық тойында түйе палуан атанып, егемен еліне мінсіз қызмет еткен спорт қайраткерінің даңқты өмір жолы ғибрат пен қайсарлыққа толы.

Ол тек жақын адамдарына ғана емес, көптеген алаш азаматтарына көмек қолын созып, қамқор болған жайсаң аға, тәлімгер ұстаз болды. Артында ұрпағы мен оның жүрегінің жылуын сезінген ізгі жандар барда Самат Әділханұлы Рамазановтың есімі мен ізгі амалдары  ұмытылмайды.

Бақұл бол бауырым, сабаз азаматым, жаның жанатта, рухың пейіште шалқысын. Жарқын бейнеңіз жүректен мәңгі өшпейді.

Бір топ туыстары, тілектес достары

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1210543
Пікірлер

Көрші сілтемелер