Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қордайдағы жанжал. Ассамблея алғашқы минуттарда-ақ мәселенің түйінін шешуге ұмтылды | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 10:00 - 2020/02/17


Қордайдағы жанжал. Ассамблея алғашқы минуттарда-ақ мәселенің түйінін шешуге ұмтылды | DalaNews

Қордайдағы жанжал. Ассамблея алғашқы минуттарда-ақ мәселенің түйінін шешуге ұмтылды

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен құрылым мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға ҚХА Төрағасының орынбасарлары Ю.Келигов пен Ш.Пулатов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.Мәкен, ҚХА мүшелері мен этнобірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында Ассамблея Төрағасының орынбасары мемлекетіміздің Конституциясы ұлты, нәсілі, діні мен басқа да өзгешеліктеріне қарамастан, өзінің барлық азаматтарының мүдделерін қорғауға кепілдік беретінін атап өтті.

ҚХА ұлттық бірліктің мемлекеттік саясатының сенімді тірегі бола тұрып, тұрақтылықты нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғада Ассамблея шет қалмай, кикілжіңді шұғыл шешу үшін алғашқы минуттарда-ақ бірқатар жұмыстар атқарған болатын.

Ж.Туймебаев қылмыста ұлт жоқ екендігін атап өтті. Барлық кінәлілер Заңға сәйкес жауапқа тартылады. Сонымен қатар ол кикілжіңнің себептеріне тоқтала отырып, мемлекеттің аталған мәселе бойынша толық түсінігі мен оның шешу алгоритмінің бар екендігін айта кетті.

Кездесу барысында «Бірлік көптүрлілікте» принципі негізінде қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайту, этносаралық қатынастың негізі ретінде – мемлекеттік тілді үйрену, жалпыұлттық тарихи сананың дамуы және т.б. бойынша бірқатар міндеттер қойылды.

Өз кезегінде, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері Қазақстан халқы Ассамблеясының біріктіруші рөліне назар аударды. ҚХА басты міндет – этностарды интеграциялауды орындауға жәрдемдесті. Тәуелсіздік жылдар бойы бірде-бір этнос жекелену стратегиясын таңдаған жоқ және олардың барлығы бұдан әрі де қазақ халқының ынтымақшылдығы негізінде бірлік пен келісімді нығайтуға дайын екендерін білдірді.

Қорыта келе, ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің жетекшілерін арандатушылыққа жол бермеуге шақырды. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттің бағыт-бағдары мен ұстанған саясаты ары қарай жалғаса береді.

 

Тағы оқыңыз:

Сорос: “Батыс Шыңжаңдағы жағдайды Си Цзиньпиннің бетіне басуы керек”

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1114990
Пікірлер

Көрші сілтемелер