Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2211539944 %56 %

Даниал Ахметов: "Мешіттер салт-дәстүрімізді насихаттайтын орталыққа айналуы тиіс" | DalaNe



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 12:15 - 2019/08/16


Даниал Ахметов: "Мешіттер салт-дәстүрімізді насихаттайтын орталыққа айналуы тиіс" | DalaNews

Даниал Ахметов: “Мешіттер салт-дәстүрімізді насихаттайтын орталыққа айналуы тиіс”

Шығыс Қазақстан облысында «Ислам мәдениеті ұлттық дәстүр» атты мұражай ашылды. 

Облыс орталығы Өскемен қаласындағы «Халифа Алтай» мешітінде аймақ басшысы Даниал Ахметовтың қатысуымен тарихи жәдігерлер мұражайы ашылды.

 – Бұл игі іс “Рухани жаңғыру” бағдарламасының аясында жүзеге асырылды. Мешіт тек діни құлшылық ететін орны ғана емес, сондай-ақ салт-дәстүрді, тарихымызды насихаттайтын рухани орталыққа айналуы тиіс. Қазіргі заман талабы да осы. Ерте сақ, ғұн, түркі дәуірлерінен бастап, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына дейінгі тарихты тізбектейтін осынау бірегей мұражайда құнды жәдігерлер мен олардың түпнұсқасынан алынған көшірмелері ерекше көз тартады. Алдағы уақытта мұнда Шығыс Қазақстанның бірегей байлығы саналатын Елеке сазынан табылған Алтын адамға, Қоңыр әулиеге, Ырғызбай әулиеге, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа және Мұзтауға арналған жеке стендтер ашылса мұражай тіптен әрлене түсер еді. Бұдан бөлек кіреберіс залдың бір қабырғасына түгелдей дерлік Қазақстанның даму тарихын суреттейтін панорамалық сурет салу керек, – деді облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы.

 

Мұражайда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі, Түркістандағы әйгілі Тайқазанның көшірмесі, қазақтың алты қанат киіз үйі қойылып, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Иассауи кесенелерінің шағын макеттері орнатылды. Бұдан бөлек мұнда келушілер қасиетті Құран кітабының электронды замануи көшірмесін, тарихи құнды еңбектердің электронды нұсқаларын да тамашалай алады.

Сондай-ақ мұнда ұлттық көне жәдігерлер мен ежелгі діни бұйымдарда қойылған.

Тіпті мұражайда түркі дәуірінің тарихынан сыр шертетін «Оғызнама» секілді кейбір сирек кітаптардың түпнұсқалық көшірмесі де Ұлыбританияның Кембридж университетінен және Түркиядағы Сүлеймание мешітінің кітапханаларынан алынып қойылды.

Алдағы уақытта аталмыш музейдің тыныс-тіршілігінен хабар беретін сайт іске қосылып, онда музейге 3D тур жасау мүмкіндігі ашылады.

 

Әсем Жылқышева,

Өскемен қаласы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1035149
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ковалев пен Альварес ал 4 min
"Астана" "Манчестер Юна 14 min
Рамазан қарсаңында меші 14 min
Интернет жұлдызы тікеле 24 min
Қытайдың ең бай адамы Т 1 sagt
РАМАЗАН – МҮМКІНДІК АЙЫ 1 sagt
Түркістанда Open Space 1 sagt
Жеңіс Қасымбек Қарағанд 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
UFC чемпионы ұйым басшы 1 sagt
Елордада Тіл туралы заң 1 sagt
Рысқалиевтер ісі: Мемле 2 sagt
Әблязов қорқып отыр - Б 2 sagt
Ақтөбеде жолақысын карт 2 sagt
Ұстаздарды артық жұмыст 2 sagt
Парижде үкіметке қарсы 2 sagt
Атырау облысы Қазақстан 2 sagt
Тағы бір қазақстандық с 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Оралда жүкті әйел көпір 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Қазақстанда Цифрлық ком 3 sagt
Тоқаев "Оралман" сөзіне 3 sagt
Бекзат Нұрдәулетов – әл 3 sagt
Қостанайлық қайырымды ж 3 sagt
Қазнетке 25 жыл толды - 3 sagt
Министр Риддердегі спор 3 sagt
Димаш Құдайберген қытай 3 sagt
"Барлығын түсіріп, өзі 3 sagt
Балалар музыкамен айнал 3 sagt