Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-185930838 %62 %

Семейде мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтитын бағдарлама әзірленді | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 14:30 - 2019/08/11


Семейде мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтитын бағдарлама әзірленді | DalaNews

Семейде мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтитын бағдарлама әзірленді

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Семей қаласы әкімдігі және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арасында «Бақытты отбасы»​ бағдарламасын іске асыруға арналған меморандум жасалды.

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінен бастап құжаттар қабылдана бастады. Бұл бағдарламаға төрт және одан да көп баласы бар отбасылардың, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылардың және кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар толық емес отбасылардың қатысу құқығы бар.

-​ ​Бағдарламаның негізгі талабы – үміткердің жергілікті атқарушы органның тұрғын үй кезегінде тұруы қажет. Сондай-ақ, соңғы 5 жылда отбасы мүшелерінің атында үй болмауы міндеттеледі. ​

Ал, толық емес отбасылар үшін неке бұзу мерзімі 3 жылдан асуы керек. Үміткер тұрғын үйдің алғашқы 10 пайыз салымын төлеп, жылдық 2 пайыз мөлшерлемесімен 20 жылға дейін несиеге алады. Зайым соммасы – 10 млн. теңгеге дейін.

Үміткерлер баспананы аталған үш бағыт бойынша ала алады. Олар: жаңа пәтер, нарықтағы пәтер және жекеменшік тұрғын үй.

Ал, алғашқы жарнаны төлей алмайтын отбасыларға​ қала бюджетінен 1 млн теңге көлеміндегі сертификат тапсырылатын болады, – деді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметова.

Семей қаласы ақпараттық орталығының мәліметінше, осы уақытқа дейін 78 құжат қаралып, төлем қабілеттілігінің бағалауын анықтауға банкке жолдама алған, оның 25 құжат​ өңделуде. Бағдарламаға сәйкес, құжаттар тәулік ішінде тексерілуі тиіс.

 

Дереккөз: Алтайньюс 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1033092
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Хоккей: «Барыс» Швейцар 1 min
Францияда егіздерге арн 19 min
Пара алған Қызылжар орм 1 sagt
Аманқос Ершуов | Әдеби 2 sagt
Тағы бір қазақстандық G 2 sagt
Украинада өртенген қона 2 sagt
Гүлбақыт Қасенова | Әд 2 sagt
Кезекті қазақстандық Go 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Аты аңызға айналған бок 3 sagt
АҚШ-та компьютердегі ақ 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Даниал Ахметов көпбалал 4 sagt
Гонконгте мұғалімдер ше 4 sagt
Ыстамбұлда нөсер салдар 4 sagt
Түркістан облысында АӘК 4 sagt
Бұлбұл Қартаңбаева АҚШ 4 sagt
Теннистен Азияның коман 5 sagt
Қарқаралының ұлттық пар 5 sagt
Көліктегі көп ойлар 5 sagt
Қазақстан «Танк биатлон 5 sagt
Мемлекеттік кеңестің ақ 5 sagt
Қарқаралы ұлттық паркін 5 sagt
Түлкібас ауданында жаңа 5 sagt
Атырау облысында бетон 6 sagt
Исламдық қаржыланды 6 sagt
Индонезияда кеме өртені 6 sagt
Еліміз шеберлері қазан 6 sagt
Ресейде ғимаратқа соғыл 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt