Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22456171451 %49 %

Орта Азия елдерінің ортақ одақ құруына не кедергі? | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 10:45 - 2019/07/26


Орта Азия елдерінің ортақ одақ құруына не кедергі? | DalaNews

Орта Азия елдерінің ортақ одақ құруына не кедергі?

Аймақ елдері етене әріптесіп, бауырластық байланыстарды жаңа деңгейге шығаруда қандай амал-шарғы жасағаны жөн? 

 Dalanews.kz Орта Азия тақырыбын терең зерттеп жүрген сарапшыларға хабарласып, ілгерідегі сауалдың жауабын іздеуге тырысты.

Шынар Есенгүл (Қырғызстан), саясаттанушы: 

Картинки по запросу Чинар ЭСЕНГУЛ

– Орта Азия елдері әлі күнге жаһандану процесіне ат қосып, араласқан жоқ. Аймақ елдеріндегі тұрмыс түзу емес. Түтіні түзу ұшатын елдердің қатарына өзімізді қоса алмаймыз. Теңіз порттарынан жырақта орналасқандықтан экономикадағы алыс-беріс аз. Нарықтық экономика жабайы жолмен дамуда, жекенің мүлкін қорғалмайды.

Меніңше, Орта Азия толық демократияланбай одақ құра алмайды. Авторитарлық жүйеден толық арылғанда ғана аймақтағы интеграция туралы айтуға болады. Себебі, автократ басшылар бір өзі билеп-төстегенді жөн көреді.

Аймақ елдерінің бірде-бірінде салмақты саяси реформалар жүргізілген жоқ. Әлі күнге дейін посткеңестік жүйенің ойлау дағдысынан арылмай келеміз. Әлі күнге дейін КСРО тұсынан тағынан таймағандар басқарып отыр аймақты.

Осы себепті де коррупция тізгінделмей отыр, заң атымен жоқ, әлеуметтік көмек жүрек жалғауға да жетпейді, инфрақұрылымдардың сиқы да, сапасы да жоқ, экономикалық өсім көпжағдайда көзалдау үшін көбейтіліп көрсетіледі, халық билікке, билік халыққа сенбейді. Орта Азиядағы бүгінгі жағдай осындай.

Ендеше жуыр арада аймақта Одақ құрылады деп айтуға әлі өте ерте. «Мемлекет пен қоғам» арасында байланыс жоқ. Мемлекет пен мемлекет арасында қандай байланыс орнайды мұндайда? Еркіндік керек, демократия керек, автократиядан азаттық алып, ескіліктің сарқыншағын сыпырып тастағанымыз жөн. Сонда да ғана одақ туралы сөз қозғауға болады.

 

Арыстан Жолдасов (Өзбекстан), әлеуметтанушы: 

– Орта Азия бірігуі керек деген бастамалар Өзбекстан билігіне Шауқат Мирзияев келгелі белсенді түрде айтыла бастады. Бірігуге Мирзияев қарсы емес. Керісінше, қолдап, қолпаштап отыр.

Меніңше, біздің бірігуімізге басты кедергі сырт күштер. АҚШ, Ресей, Қытай…

Олардың мүддесі мен біздің ұстаным сай келмесе біздің бірігу туралы бастамамызды бүлдіріп, араға от салуы ғажап емес. Мәселен Ресей Орта Азияның біртұтас құрылымға бірігіп, қуатты күшке айналуын қаламайды. Және оған кедергі келтіру үшін қолдан келгенді жасайды.

Қытайдың да құлқыны жаман. Аймақтағы Қытайдың ықпалы күн өткен сайын күш алып келеді. Бұл, турасын айту керек Орта Азияның қауіпсіздігіне қанжар сұғуы мүмкін қатерлі күш. Қытайдан іргемізді аулақ салғымыз келсе де, экономикалық тұрғыдан тәуелдіміз. Ал экономикалық тәуелділік білінбей экспанциялайтын тәуелділіктің ең қауіпті түрі.

Орта Азия өз мүддесі мен өз принциптерін қалыптастырса деймін. Аймақ елдері күлтөбенің басына жиналып, бүгіні мен болашағын талқыласа, таразылса артық етпес еді. Дәл әзір жолайырықта тұрмыз. Тәуелсіздік тұсында өмірге келген ұрпаққа осы бірігу туралы құндылықты санасына сіңдіре білсек, аға ұрпақ бастаған істі солар аяқтайды деп сенемін.

 

Саламат Малыбаев (Қырғызстан), тарих ғылымдарының докторы, Ж. Баласұғын атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің аға оқытушысы:

Картинки по запросу саламат малабаев

– Орта Азия елдерінің ауызбіршілігі аз болып тұр. Себебі, әлі күнге дейін шекараны анықтау мәселесі толық шешілген жоқ. Мәселен Қырғызстан күні бүгінге дейін Өзбекстан және Тәжікстанмен арадағы шекара дауын шеше алмай отыр. Қазақстанмен де осы мәселе бойынша аз-кем кикілжің туындаған-тұғын.

Сауда саласында да аймақ елдерінің ортақ ұстанымы жоқ. Қырғызстан мен Өзбекстанның сауда саясаты бір-біріне керағар. Алыс-беріске келгенде біздің ел Қазақстанмен де қабақ шытысып қалған.

Ең басты мәселе, аймақ елдерінің басшыларында бірігуге деген ерік-жігер аз. Барлығы соған тіреліп тұр. Әлеуметтік-мәдени байланыстар да жоқтың қасы.

 

Бахтияр Әлімжанов (Өзбекстан), тарих ғылымдарының докторы, тәуелсіз зерттеуші:

Картинки по запросу Бахтиер АЛИМДЖАНОВ

 – Аймақта ортақ одақ құруға келгенде қолдан жасап алған фобиялар бар. Соның бірін діни экстремизмен байланыстырады. Ауғанстанмен іргелес отырған Орта Азия елдері тым діншілденген, тым радикалданған деген түсінік қалыптасқан. Мұны аймақтағы Қазақстан секілді елдер қауіпсіздікке қатер төндіретін фактор деп есептейді.

Ортақ одақ құру үшін ортақ тарих жазылуы керек. Тәуелсіздік тұсында өмірге келген ұрпақ аймақ елдерінің алмағайып жылдары бастан кешкендерін оқып-танысуы тиіс еді. Алайда Орта Азиядағы бес мемлекет тарихты өзінің қалауына қарай оқытып жатыр. Біздің ортақ тарихымыз бар, алайда ол оқытылмайды, дәріптелмейді.

Аймақ елдері егемендік ала сала ортақ одақ, бауырластық, бірігу мәселесін белсенді көтеруі қажет еді. Ал біздер қайттық? Әр мемлекет өзінің «ұлттық» және «мемлекеттік» иденттілігін іздеп кетті.

Әуелден осы бағыттағы саяси бағдарды анықтау қажет еді. Ал қазір кеш секілді…

Ортақ мәдени кеңістік қалыптасқанда ғана Орта Азия интеграциясы туралы айтуға болады.

 

Ләйла ДЕЛАУАРОВА (Қазақстан), саясаттанушы, әл-Фараби атындағы «Халықаралық қатынастар» факультетінің аға ұстазы:

Картинки по запросу Лейла ДЕЛОВАРОВА

 – Меніңше ортақ одақ туралы айтуға әлі ерте секілді. Себебі аймақ әлі де болса тұрақсыз. Ең алдымен экономикасы шатқаяқтап тұр. Дағдарыстан бас көтере алмай жатырмыз. Алдымен әлеуеттік-экономикалық мәселелерді шешпей, аймақтағы түбі бір түркі ұлттары одақ туралы ойлана алмайды.

30 жыл өтті. Орта Азия әлі оңалған жоқ. Экономикасының бағдары жоқ, тұрақты емес.

Аймақтағы билік транзиті де бүтін бір мемлекеттік шайқалтып кетуі мүмкін.

Сыртқы факторды да шетке шығара алмайсыз. Аймақтағы Қытайдың ықпалы күннен-күнге күшейіп келеді. Қытайдың бізге қатысты қандай жоспары әзірге белгісіз. Сонысымен де қауіпті.

Аймақтағы Ресей факторы да Орта Азияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын айқындайтын себептің бірі. Еуразия экономикалық одағына мүше Қазақстан мен Қырғызстан жіпсіз байланып отырғаны жасырын емес. Мұндай жағдайда Орта Азия одағы туралы айтудың өзі орынсыз.

Кәрімов кеткелі Өзбекстанның реңі өзгерді. Өзбекстан мен Түркменстан дәл әзір ортақ одақ құруға ынталы. Осы уақытқа дейін бұл мәселені шетқақпайлап келген еді. Ташкент бастама көтерер болса, бұл идеяның жүзеге асуы жүрдектеуі мүмкін.

 

Әниса Сабыр (Тәжікстан), кинорежиссер, жазушы: 

Картинки по запросу Аниса САБИРИ

– Өз басым Орта Азия деген атауға қарсымын. Бұл атау аймақ елдерін жақындатудың орнына, арасын алшақтататын секілді. Мәдени байланыстардың шекарасын шектеп, тынысын тарылтатындай көрінеді.

Сырт күштердің араласуы салдарынан арамыз алыстап кеткені рас. Қазіргі қолдан жасалған шекаралар соның белгісі.

Орта Азияда ортақ одақ құру үшін көптеген мәселелер шешімін табуы тиіс. Оның ішінде шекаралық, мәдени, лингвистикалық, антропологиялық, табиғи және экономикалық мәселелер шаш етектен. Одаққа бірігу үшін алдымен аяғымыздың астында оратылған мың-сан мәселенің түйінін тарқатуға тиіпсіз. Онсыз одақ туралы айту орынсыз.

Одақ болғымыз келсе, өткенге үңілу қажет. Бүгінгі жасанды идеологиялық ұстындар бірігуге іргетас бола алмайды.

Аймақ елдері бір-бірін кінәлауды, тырнақ астанын кір іздеуді тоқтатып, геосаяси мүдделерін тоқайластырғаны абзал. Сырт күштер үшін Орта Азияның мешеу, кемтар қалпында қалғаны керек.

Орта Азия атауы бізді біріктірмейді, бізді біріктіретін күш Түркістан.

Дайындаған, Аяулым ШАЙМАРДАН

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1027303
Пікірлер

Көрші сілтемелер