Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16433263247 %53 %

Мәдениет және спорт министрі Бекзат Саттархановтың ата-анасымен кездесті   | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 01:15 - 2019/07/05


Мәдениет және спорт министрі Бекзат Саттархановтың ата-анасымен кездесті   | DalaNews

Мәдениет және спорт министрі Бекзат Саттархановтың ата-анасымен кездесті  

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бокстан Сиднейде өткен олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханұлымен, анасы Сырлыкүл Саттархановамен,  Бекзаттың рөлін сомдаған «Astana Musical» мемлекеттік театрының актері Самат Әзімқұловпен кездесті. 

Ведомства басшысы XXVII-ші Олимпиадада жартылай жеңіл салмақта чемпион атағын жеңіп алып, қазақтың мерейін асқақтатқан былғары қолғап шебері Бекзаттай ұлды тәрбиелеген ата-анасына құрмет білдіріп, алғыс хат табыстады.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және өз атымнан Сіздерге қазақ елінің біртуар ұлы, халқының мақтанышы, спорт әлемінде аты алтын әріппен жазылған Бекзаттай ұлы тәрбиелеп, өсіргендеріңіз үшін өз алғысымды білдіремін. Бекзаттың жарқын бейнесі өскелең ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие деп білемін», – деп атап өтті министр.

Олимпиада чемпионы әкесі Сейілхан Саттарханов Жапония астанасы Токиода 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарында бокстан Қазақстан құрамасына сәттілік тілеп, жылы лебіз білдірді.

Анасы Сырлыкүл Саттарханова бас жүлдемен оралған ұлының «Бұл тек менің ғана жеңісім емес. Бұл – бүкіл елімнің жеңісі. Мен әлі үш дүркін Олимпиада чемпионы боламын», – деп айтқандығын еске алды.

Сондай-ақ, Бекзаттың ата-анасы Түркістан қаласындағы мектепке және Нұр-Сұлтан қаласындағы көшеге  Бекзаттың есімін беру жөнінде ұсыныс білдірді.

Өз кезегінде министр Ақтоты Райымқұлова осы бағытта тиісті жұмыстарды пысықтауға тапсырма берді.

Қазіргі уақытта Б.Саттарханов атымен қойылған Шымкент қаласында дарынды балаларға арналған спорттық мектеп-интернат, Кентау қаласында кешенді балалар-жасөспірімдер спорт-мектебі бар. Түркістан қаласында даңғылдардың біріне Бекзаттың есімі берілген. 2007 жылдан бастап жыл сайын бокстан Бекзат Саттарханов атындағы жастар арасындағы халықаралық турнир өтеді. 

Айта кетейік, олимпиада чемпионы туралы Мұрат Бидосов түсірген «Бекзат» атты көркем фильмнің жабық көрсетілімі өткен болатын. Кинолента «Хабар» Агенттігінің тапсырысы бойынша түсірілді. Фильмде спортшының өмірі, карьерасының басталған кезі баяндалған.

Dalanews дерегі: 

Қазақстандық боксшы Бекзат Саттарханов 2000 жылы Сидней қаласында өткен 57 келі салмақта бокстан жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Бокспен 15 жасынан шұғылдана бастады, соған қарамастан 20 жасында Олимпиада жеңімпазы атанды.

Картинки по запросу бекзат саттархан

1998 жылы Жастар арасында Азия біріншілігінің күміс жүлдегері, 1998 жылы Жастар арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 1999 жылы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері, 1999 жылы Орта-Азиялық мемлекеттерінің жеңімпазы.

 2000 жылы 31 желтоқсанда Жаңа жыл қарсаңында Ордабасы ауданында жол апатынан қайтыс болды.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1019471
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Оралда қос бірдей жасөс 5 min
Британдық дәрігерлер си 8 min
Нұр-Сұлтаннан Шанхай ме 11 min
Ыстықкөлде жоғалып кетк 14 min
Димашпен салыстыру, өм 19 min
Хилұңжяң: емдеу арқылы 19 min
Оқу-ағарту істеріне таб 19 min
Тоқаев Мемлекеттік қызм 19 min
Астанада аптап ыстықтан 20 min
Бүрітбай Аяған: Ғылымға 23 min
Қазақстан ыстық десеңі 24 min
Ирак ДАИШ балаларын алы 28 min
Оралда туристер мінген 29 min
Ыстықкөлде скутермен жү 1 sagt
Партя орталық көмитетін 1 sagt
Чанжоудағы студент өлім 1 sagt
Ең сүйікті өрт өшіруші 1 sagt
Алматыда көлік өртенді 1 sagt
Үйленуге дәнекер болу – 1 sagt
Павлодар облысы әкіміні 1 sagt
Павлодар облысы әкіміні 1 sagt
«халық гәзеті»: кәдрләр 1 sagt
Атакентті жаңғырту жоба 1 sagt
«Құдайы қонақ» дегенімі 1 sagt
Арыс қаласында 1 172 үй 1 sagt
Жаңа iPhone-да қандай 1 sagt
Ас ішіп, аяқ босатар, е 1 sagt
Азық-түлік хәуіпсіздігі 1 sagt
Қазақстан Президенті Ме 1 sagt
Оралда суға батуға әрек 1 sagt