Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-04-241183323552 %48 %
2019-04-251243325247 %53 %
2019-04-2617055141 %59 %

Grand Slam додасы мәресіне жетті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Аламан спорт

Жолданған уақыты: 18:01 - 2019/02/11


Парижде дзюдодан биылғы маусымның беташар турнирі – Grand Slam додасы мәресіне жетті

Парижде дзюдодан биылғы маусымның беташар турнирі – Grand Slam додасы мәресіне жетті.  Әлемнің 97 мемлекетінен 570 спортшы қатысқан бәсекеде қазақ спортшылары жүлдесіз қалған жоқ. Ерлер арасында екі балуанымыз финалға шығып, күмісті қанағат тұста, қыздар арасынан бір қолаға қол жеткіздік. 

Дзюдодан Қазақстан ерлер командасының бас бапкері

 

Айдын Смағұлов

 

екі бірдей балуанымыздың финалда жеңілу себебін түсіндіріп, қай тұстан қателік кеткенін айтты. 

«Париж татамиінде біздің екі спортшымыз –

 

Елдос Сметов  (60 келі) пен Ислам Бозбаев (90 келі)

 

ақтық сынға дейін сүрінбеді. Мұндай ірі турнирде екі дзюдошымыздың финалға шығуы үлкен жетістік. Шешуші белдесуде жеңіске жететін мүмкіндік екі балуанымызда да болды. Алайда, аздап төрешілердің салқыны тиді. Негізі, екі алтынның да бұйырмай кеткенін айтқым келеді. Екеуі де керемет күрес көрсетті.

 

Әсіресе, Сметовтің талпынысын айтқым келеді. Наохисаға кеше есе жіберді. Бірақ бұл жеңіліс Олимпиада алдында үлкен сабақ болары сөзсіз. Алдағы уақытта бұл сәтсіздік Елдосты қамшылайтынына сенемін.  Ал Ислам Бозбаевтың финалдағы қарсыласы оңай берілетін балуан емес. Әлем чемпионы деген атағы бар спортшы. Ислам бар күшін салды. Бұл медаль олимпиадалық рейтингте ұпайға айналатынын, сол себепті, екі күмістің орны ерекше екенін тағы да ескерткім келеді», - дейді Айдын Смағұлов.

Бас бапкер ұлттық құрамадағы талантты спортшылар

 

Ерлан Серікжанов (66 келі)

 

пен

 

Дидар Хамзаның (81 келі)

 

Париждегі аяқ алысына да тоқталды. 

«Былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері саналатын Ерлан Серікжанов өте сылбыр күресті. Сондықтан, оның жеңілу себебі де түсінікті. Ал Дидар ресейлік Алан Хубецовпен өткен белдесуде ұтылды деуге аузым бармайды. Себебі, гонг үні естілген кезде ол шаршағаннан құлады. Бірақ төреші мұнай ұпайға қосып жіберді. Төрешінің шешімімен дауласуға болмайды. Алдағы уақытта Дидар есесін қайтарады деген үміттемін», - дейді бапкер. 

Дзюдодан Қазақстан құрамасы 22-24 ақпан күндері Дюссельдорфтағы (Германия) Grand Slam турниріне қатысады. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=21&id=948354
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Осы араны басып көріңіз 7 min
Жел, жауын, бұршақ - жұ 8 min
Мұнайдың әлемдік бағасы 14 min
Азия чемпионаты: Қазақс 16 min
ҚАЗАҚСТАН – МАЖАРСТАННЫ 22 min
Сайлау-2019: Қазақстан 1 sagt
26 сәуір: ҚазАқпарат кү 1 sagt
Қазақстан — Белорусь 4: 1 sagt
Польшада Қазақ күресіне 1 sagt
Шымкенттік оқушы қыз әл 2 sagt
Жан Кособуцкий кәсіпқой 2 sagt
Қазақстан құрамасы Бела 2 sagt
Маунтинбайктан ұлттық қ 2 sagt
Төрттік финал. «Қайратт 3 sagt
Ләззат Күнгейбаева бокс 3 sagt
Маңғыстауда заңсыз бері 3 sagt
Бас мүфти Франция елшіс 4 sagt
Азия чемпионаты: 4 бокс 4 sagt
Павлодар қаласында 56 с 4 sagt
Бұрымды балуандарымыз А 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
«Astana Musical» мемлек 5 sagt
Даниил Фоминых — велосп 5 sagt
Балуан қыздарымыз екі қ 5 sagt
Алматы облысында балық 5 sagt
Boeing 1 млрд доллар шы 5 sagt
Солтүстікқазақстандық к 6 sagt
И.Нәсимидің еңбектері қ 6 sagt
«Астана» велокомандасын 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt