Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-01-17893185344 %56 %
2019-01-18689162946 %54 %
2019-01-19369104352 %48 %

Шахматшы Әбдімәлік бірден үш рейтингіде көш бастады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Аламан спорт

Жолданған уақыты: 18:30 - 2019/01/11


Жансая Әбдімәлік бірден үш рейтингіде көш бастады

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгілер арасында шахматтың барлық түрі бойынша рейтингіде көш бастады. Бұл туралы шахмат федерациясының баспасөз-қызметі мәлім етті.

Шахматшы қыз классика, рапид және блиц бойынша рейтингілерде бірінші орында тұр. Бұған дейін қазақстандық теннисшілердің ешқайсысы бір уақытта үш түрден әлемдік рейтингіде көш бастап көрмеген еді.

«Қызыммен мақтанамын. Ол әрқашан еңбек етіп, шеберлігін арттырып жүр. Осындай тарихи жетістік – оның жемісті еңбегінің нәтижесі», - дейді спортшының әкесі Данияр Әшіров.

2018 жылы қарашада ересектер арасында өткен өзінің алғашқы әлем чемпионатында Жансая ширек финалға шыққан болатын. Бұған дейін де қазақстандық шахматшылар мұндай жетістікке жетпеген еді.

«Әр уақытта бар күшімді салып, машығымды көрсетуге тырысамын. Иә, бұл жақсы нәтиже. Бірақ масаттанып кетудің керегі жоқ. Әлі де жұмыс істейтін тұстарым бар. Мен үшін ең басты нәтиже – бүгін кешегіге қарағанда жақсырақ ойнау», - дейді Жансаяның өзі.

Айта кетейік, ересектер арасында FIDE рейтингісінде Жансая Әбдімәлік 2468 ұпаймен 20-шы орында тұр. Қазақстандық тағы бір теннисші Динара Сәдуақасова 2472 ұпаймен 17-ші орында келеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=21&id=930722
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар