Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-02-15809181145 %55 %
2019-02-16496149845 %55 %
2019-02-1721987625 %75 %

Берік Әбдірахманов: Спорттық ғұмырыма өкпем жоқ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Аламан спорт

Жолданған уақыты: 00:00 - 2018/12/07


Берік Әбдірахманов: Спорттық ғұмырыма өкпем жоқ

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері әрі Азия чемпионы Берік Әбдірахманов үлкен спортпен қош айтысты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының жылды қорытындылаған жиынында белгілі болды. 

Olympic.kz

 

сайтына сұхбат берген Берік мұндай шешімді неліктен қабылдағанын түсіндіріп берді. 

 - Шаршы алаңмен қоштасу туралы ой Азия ойындарынан кейін келді. Джакартаға баратын спортшылар қатарына енбеген соң, өз орнымды соңымнан ерген жастарға бергенім дұрыс деп шештім. Бокста мен қатысқан соңғы ірі жарыс – Астанада өткен Президент кубогі бәсекесі. Былғары қолғапты алғаш рет 14 жасымда кигенмін. Міне, жасым 32-ге келді. Спортты осы жерден тоқтатқаным да дұрыс шығар,  - деді Әбдірахманов.

Боксшы өзінің спорттық ғұмырына өкпесі жоқ екенін айта келе, Олимпиада биігінің бұйырмағаны үшін аздап өкінетінін жеткізді. 

 - Спорттың маған бергені көп. 24 жасымнан бастап республикалық, халықаралық турнирлерде жеңе бастадым. Ұлттық құрамаға қабылданып, ел намысын қорғау бақытына ие болдым. Спорттан талай дос таптым. Жол сілтейтін ағаларымыз мен бапкерлеріміз қаншама. Бәріне шүкірлік етемін. Тек, Олимпиададан медаль алу бұйырмаған екен. Спорттық ғұмырымда Олимпиаданың ғана жүлдесі жоқ, - деді Берік. 

Берік Әбдірахманов өз салмағындағы үздік боксшыларды да атады.

 - Елімізде талантты жастар өте көп. Кеше ғана ел чемпионатында маңғыстаулық Толтаевтар жақсы өнер көрсетті. Өзімнің құрдасым Закир Сафиуллин бар. Таланатты жігіттер жетерлік. Оларға сәттілік тілеймін. Еліміздің көк байрағын төмен түсірмесін,  - деді ол. 

Берік Әбдірахманов бұдан былай еліміздің Ішкі істер саласында қызмет етпек. Қазақстан бокс федерациясы спортшыға 3 млн теңгенің сертификатын ұсынды. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=21&id=912777
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Болгариядағы «Странджа» 6 min
Өз жүрегіңе үңіле біл 6 min
Қ.Тоқаев Мюнхен конфере 8 min
Сингапурда өткен сән ба 16 min
«Барыс» тарихта екінші 16 min
Көркем гимнастикадан Мә 23 min
Көркем гимнастикадан тө 23 min
Елена Круглыхина могулш 25 min
Компьютерлік ойындар б 1 sagt
Астанада мемлекеттік қы 1 sagt
Ажалы жоқ - Хамза Есенж 1 sagt
Қазақстандық футболшы г 1 sagt
Францияда жеңіл автокөл 1 sagt
Қазақстандағы жаңа кадр 1 sagt
Қарағанды облыстық соты 1 sagt
Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан 1 sagt
Берлин кинофестивалінің 1 sagt
Құрбылар - Қабдеш Жұмад 1 sagt
Қазақстан дзюдошылары Е 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақстандық сарбаздар 2 sagt
Барби өндірушілері мүг 2 sagt
Зачем израильтяне уничт 2 sagt
Алматы облысында медици 2 sagt
«Батыс» өңі 2 sagt
Жанбота Алдабергенова М 2 sagt
Батутты гимнастикадан ә 2 sagt
Берни Сандерс АҚШ прези 2 sagt
АҚШ-та тұтқынға алу кез 2 sagt
Ыстық қайшымен шаш қию 2 sagt