Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ҚХЛ: «Барыс» қатарынан алты жеңістен кейін қарсыласына есе жіберді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Аламан спорт

Жолданған уақыты: 04:02 - 2020/02/19



Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Сибирьге» есе жібердіҚХЛ: «Барыс» елордада «Сибирьге» есе жіберді

Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасын қабылдады.

«Барыс» соңғы алты ойында қарсыластарының барлығынан басым түсті. Олардың қатарында көш басында келе жатқан Ресейдің ЦСКА командасы да бар. Енді елордалық клубтың төрт ойыны қалды. «Сибирь» плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Қазір турнир кестесінде 57 ойыннан кейін 68 ұпай жинап, оныншы орында тұр. Ал турнир кестесінде алтыншы орында келе жатқан «Барыстың» еншісінде 58 ойыннан кейін 79 ұпай бар. Олар да плей-офф кезеңіне берілген жолдама тағдырын бірнеше тур бұрын шешіп қойған еді.

Соған қарамастан бүгінгі кездесу тартысты өтті. Алғашқы екі кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Ал 49-минутта «Сибирь» хоккейшісі Егор Миловзоров өз командасын алға шығарған еді. Ойынның бітуіне небәрі бес секунд қалғанда «Барыс» ойыншысы Линус Виддель таразы басын теңестірді. Ойын овертаймға ұласты.

Кездесудің 64-минутында «Сибирь» хоккейшісі жеңіс шайбасын соғып кетті. Елордалық клуб қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Нәтижесінде «Барыстың» алты ойынға созылған жеңіс сериясы осымен тоқтады.

Еске сала кетсек, «Барыс» бұған дейін елордада Ресейдің «Сочи» командасынан 3:2 есебімен басым түскен еді.

 

Түпнұсқасы: inform.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter

0

Айбар Рысдаулет

Пікірлер

0

Ставкалар

Бельгия – Англия: қола жүлде кімге бұйырады

Әлем футболы

Бүгін қола жүлдегер ғана емес, турнирдің үздік сұрмергені де анықталуы мүмкін

Төлеш Есет

Хорватия – Англия: кімнің бағы жанады

Әлем футболы

Жартылай финалдың екінші матчына болжам

Төлеш Есет

Франция-Бельгия: Жұлдыздар шайқасында кімнің жолы болады

Әлем футболы

Екі алыптың айқасы!

Қуаныш Қаппас

Ағылшындар тарихында  үшінші рет 1/2 финалға өтуі мүмкін

Әлем футболы

Швеция – Англия матчына болжам

Төлеш Есет

Харри Кейн бастаған англиялықтар жеңіске жете ала ма

Әлем футболы

Бүгін Швеция мен Англия құрамалары кездеседі.

Қуаныш Қаппас

Тағы жүктеу

Блогтар

блог құру

Барлық блогтар

Тағы жүктеу



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=21&id=1116508
Пікірлер

Көрші сілтемелер