Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21529191842 %58 %

Билек: Үзіліс алдындағы гол үлкен көмек болды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Аламан спорт

Жолданған уақыты: 13:00 - 2019/06/12


Михал Билек: Арқамнан ауыр жүк түскендей болды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Сан-Мариноға(4:0) қарсы матчтан кейін журналистерге сұқбат берді.

- Осы іріктеу кезеңінде 10 ұпайдан артық жинай аламыз ба?

- Біз ұпай санына көп мән бермейміз. 4 матчта 6 ұпай алғанымыз жақсы жетістік. Бүгін сенімді жеңіске жеттік. Енді келесі кездесулерге дайындалу қажет. 

- Алғашқы 40 минутта командада басымдылық болғанымен, шабуылдар нәтижесіз аяқталып жатты. Оны немен байланыстыруға болады?

- Бізде басымдық болғаны рас. Бірақ қарсылас команданың қақпашысы үлкен шеберлік көрсетті. Қорғанысты бұзып өту де қиынған соқты. Үзіліс алдында есеп ашып алғанымыз өте жақсы болды. 

- Есепке қарасақ, команданың сенімді жеңгеніне көз жеткіземіз. Алайда, ойын барысында көп қателіктер жібердік. Біз үшін екінші нөмірмен ойнаған қолайлы ма?

- Жылдам ойнауға тырыстық. Қарсыластың да бірнеше матчтарын сараптама жасап, тыңғылықты дайындалдық. Бірінші голдан кейін өзімізді еркін сезіндік. 

- 44-минутта өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Арқамнан ауыр жүк түскендей болды. Қайталап айтамын, алғашқы гол бізге үлкен көмек тигізді. 

- Матчқа 18 000 көрермен жиналды. Жанкүйердің көп жиналғаны сіз үшін тосын сый болды ма?

- Белсенді қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлерге алғыс білдіргім келеді. Келесі ойындарда да қызу қолдау болады деген үміттемін. 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=21&id=1007867
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар