Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шымкентте белгісіз біреулер иттің көзін шұқып алған: 23 ақпан 2021, 16:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 17:10 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://kaz.tengrinews.kz/crime/shyimkentte-belgsz-breuler-ittn-kozn-shukyip-algan-319425/


Шымкентте белгісіз біреулер иттің көзін шұқып алған: 23 ақпан 2021, 16:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шымкентте белгісіз біреулер иттің көзін шұқып алған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Шымкент полиция департаменті өкілдері жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көзі ағып кеткен иттің кадрлары Instagram-дағы "Добряки Шымкента" парақшасында пайда болды. 

"Үйдің иті, жас. Қаралған. Жағдайы ауыр, жақын арада оны мал дәрігері қалыпқа келтіреді.

Бір көзі ағып кеткен. Бірақ екіншісін сақтап қалуға болады. Мұны уақыт көрсетеді. Қазір ол қатты шок күйде", - дейді еріктілер.

Назар аударыңыз! Бұл видеоны психикасы әлсіз, жүкті және 18 жасқа толмаған адамдарға көруге ұсынылмайды.

Шымкент полицейлерінің мәліметінше, ит қаладағы ветеринарлық клиникалардың бірінде. Қазір тәртіп сақшылары иттің иесі мен болған оқиғаның куәгерлерін іздеп жатыр. 

"Аталған факт бойынша Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚК-нің 316-бабы 1-бөлігі "Жануарларға қатыгездік көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Шымкент ПД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бұл Шымкенттегі осыған ұқсас алғашқы жағдай емес. Бұған дейін мұнда біреулер күшіктің көзін күйдірген. Бұл туралы еріктілер әлеуметтік желілерде жазды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1359651
Пікірлер

Көрші сілтемелер