Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жаңаөзенде қант зауыты іске қосылып, бірнеше медорталық ашылды: 01 желтоқсан 2020, 21:31 - жаңалықта



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 21:50 - 2020/12/01

Нақты Көзі: http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/janaozende-kant-zauyityi-ske-kosyilyip-brneshe-medortalyik-316089/


Жаңаөзенде қант зауыты іске қосылып, бірнеше медорталық ашылды: 01 желтоқсан 2020, 21:31 - жаңалықтар Tengrinews.kz

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Жаңаөзен қаласында бірқатар әлеуметтік, өндірістік нысандар ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов және бір топ қоғам белсенділері қатысты. Жиында сөз алған аймақ басшысы тұрғындарды мерекемен құттықтады. Мерейлі мейрам қарсаңында өз жұмысын бастап, жаңадан іске қосылған өндіріс орны қант шығаратын зауыты.

Қаланың өндірістік аумағында орналасқан "ORDA" ЖШС жылына 3600 тонна қант шығаруды жоспарлап отыр. Бұл облыстағы сұраныстың 30 пайыздан астамын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнан соң облыс әкімі дәрігерлерге арналған мемориалды ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты. Медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегіне арналған стелла демеушілердің есебінен тұрғызылған. Еске алу қабырғасының бір бұрышы жаз айында коронавирустық инфекциядан қайтыс болған Жаңаөзен қаласы көпсалалы ауруханасының бас дәрігері Мұрат Серыевтің есімі жазылған.

"Әріптесіміз Мұрат Жарылғапұлы ел басына түскен қиын кезеңде соңғы уақытқа дейін азаматтардың өмірі үшін күресіп, өз мамандығына деген адалдығын көрсетті. Оның абыройлы еңбегі мәңгі ел есінде қалады", - деді Серікбай Трұмов.

Жиын соңында өңір басшысы жаңаөзендік дәргерлерге су жаңа 10 жедел және шұғыл медициналық жәрдем автокөліктерін табыстады.

Мереке күні өз жұмысын бастаған тағы бір медициналық мекеме көпбейінді қалалық ауруханаға қарасты полимеразды тізбекті реакция (ПТР) зертханасы. Нысан 2 гектардан астам жерді алып жатыр. Оның ішінде: ғимарат - 1 000 шаршы метр, құрылыс көлемі - 7 000 шаршы көлемді құрайды. Зертхана 14 бөлмеден тұрады.
Бұдан кейін облыс әкімі бастаған жұмыс тобы көпсалалы Neiron-Med медициналық орталығын ашылуына қатысты. Күрделі жөндеуден өткен мекеме Медициналық құрал-жабдықтармен және жиһазбен толық қамтылды. Жер көлемінің аумағы 1 гектарға жуық. Ғимарат 2 қабаттан тұрады. 1 қабатта 41 бөлме мен 1 конференц зал, 2 анықтама бөлімі орналасса, 2 қабатта 46 бөлме бар.

Клиникада 120 адам еңбек етеді. Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында жақында ғана жөндеуден өткен провизорлық стационардың және "Мұнайшы" мәдениет үйінің жай-күйімен танысты.

Облыс әкімі сапар соңында "ҚазГӨЗ" қуатын арттыруға қажетті электр энергиясын өндіретін кәсіпорынның іске қосылу рәсіміне қатысты. Құны 5,4 миллиард теңге болатын жоба 50 адамды жұмысқа орналастырады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1312086
Пікірлер

Көрші сілтемелер