Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


"Жолды сіз жаптырдыңыз ба?". Әкім Әбдіқалықова желідегі видеоға қатысты түсінік берді | Te



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 18:30 - 2020/07/16

Нақты Көзі: http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/joldyi-sz-japtyirdyinyiz-ba-akm-abdkalyikova-jeldeg-videoga-310701/


"Жолды сіз жаптырдыңыз ба?". Әкім Әбдіқалықова желідегі видеоға қатысты түсінік берді | Tengrinews.kz
Видео кадрларынан Видео кадрларынан

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала ішіндегі жолды жаппауды сұраған әйелдің видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан видео авторының бір топ адамға келіп, сондағы әйелден "Қызылорда әкімі сіз бе?" деп сұрайды. Оған видеодағы әйел даусы "иә" деп жауап береді. 

- Сіз келе жатырмын деп жолдың бәрін жаптырдыңыз ба?
- Жоқ.
- Маршруткадан бізді тоқтатып тастап, түсіңдер деді, ауруханаға жаяу келдік. 
- Мен жолды жабыңдар демедім, жолды ашыңдар.
- Халықты қорлайсыздар, халықпен бірге емессіздер. Әдемі киімдерді киіп алып, анда-мында келіп, дым да бітірмейсіздер. Машинаға тығылса, халық арасында жүрмесе, несіне әкім? 

Кейін Қызылорда облысы әкімі баспасөз хатшысының парақшасында Гүлшара Әбдіқалықованың бейнеесебі жарияланды. Өңір басшысы видеода өзі екенін растады.  

"Бүгін мен Жаңақорған, Шиелі аудандарында ауруханаларды аралап, біріншіден, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері, екіншіден, ауруханаларда жасалып жатқан жағдай, үшіншіден, оттегімен қамтамасыз ету мәселелерін қарадым. Осындай іссапар кезінде Жаңақорған ауданының инфекциялық ауруханасының қасында тұрған машинама Тұрлыбекова Сандуғаш деген әйел келіп, жолдың жабылғанын айтты. Бұл ыңғайсыздық тудырғанын айтып отыр.

Мен жолды жабу туралы ешқандай тапсырма берген жоқпын. Аудан әкімі де жолды жабу туралы тапсырма берген жоқ. Сол жердегі Ішкі істер бөлімінің басшысы да ондай тапсырма берілмегенін айтып отыр. Сол жердегі учаскелік полицияның шешімі болса, оның іс-әрекеті жөнінде облыстық департамент басшысы Сұлтан Бектөреге тапсырма бердім. Бұл іс-әрекеттің қаншалықты дұрыс екені, қандай кемшілік жібергені туралы қызметтік қарау болады", - деді өңір басшысы. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1221757
Пікірлер

Көрші сілтемелер