Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шымкентте коронавирус жұқтырғандарды жатқызу үшін спорткешен пайдалануға берілді | Tengrinews.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 15:50 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://kaz.tengrinews.kz/densaulyq/shyimkentte-koronavirus-juktyirgandardyi-jatkyizu-ushn-310108/


Шымкентте коронавирус жұқтырғандарды жатқызу үшін спорткешен пайдалануға берілді | Tengrinews.kz

Шымкентте инфекциялық ауруханаларда орын жетпей жатқандықтан, спорт кешенінің ғимаратында қосымша стационар ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күндізгі стационарда 450 орын ЖРВИ мен пневмониядан емдеу үшін 1 шілдеден бастап пайдалануға беріледі.

"Әкім Мұрат Әйтенов спорт кешенінде стационар дайындауға тапсырма берді. Медикаменттерді сақтау үшін жеті мұздатқыш жеткізілді. Мамандардың айтуынша, бұл жерге 50 дәрігер, 75 медбике және 20 стационар қызметкер керек. Сондай-ақ үйлестіру үшін бұл жерге №5 қалалық емхана қосылған", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Қалалық биліктегілердің деректеріне сүйенсек, стационар 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар, қалада инфекциялық науқастарды қабылдау үшін 2870 орын бар. Бүгінде олардың 447-сі бос.

"Маусым айында ЖРВИ-мен ауырып қалғандар екі есе, ал пневмониямен ауырып қалғандар алты есе көбейгенін атап өту керек. Осыған байланысты Самал шағын ауданында 400 орындық, Политехникалық колледжде де 400 орын және ҰОС ардагерлер орталығында 100 орындық провизорлар ашылды", - деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін Шымкентте жедел жәрдем дәрігері эмоционалды видео жариялаған еді. Ол видеода көлігінде пневмониямен науқас өліп кетуі мүмкін, бірақ оны апаратын жер жоқ, ауруханалар бос емес екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде Шымкент теміржол ауруханасының территориясында түсірілген видео тарады. Кадрда медициналық мекеменің алдында тұрған бірнеше жедел жәрдем көлігін көруге болады. Айғай мен жылаған дауыс естіледі. Роликте белгісіз біреу ауруханаларда орын жоғын және науқастарды дәлізге жатқызғанын айтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1211052
Пікірлер

Көрші сілтемелер