Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырған алматылық адамдарды 53 миллион теңгеге алдаған | Tengrinews.



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 14:40 - 2020/05/29

Нақты Көзі: http://kaz.tengrinews.kz/crime/ozn-ukk-kyizmetker-retnde-tanyistyirgan-almatyilyik-308982/


Өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырған алматылық адамдарды 53 миллион теңгеге алдаған | Tengrinews.kz

Өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, адамдарды алдаған алматылық ұсталды. Шығын сомасы 53 миллион теңге , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың ресми сайтын сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, ер адам 2012-2016 жылдар аралығында алаяқтықпен айналысқан.

"Ол танысына Нұр-Сұлтан қаласынан 100 шаршы метр жертөлені арзан бағамен алып беремін деп сендіріп, одан жалпы соммасы 38 635 870 теңгесін алған.

Жасаған іс-әрекетіне тоқтамай, 2017-2018 жылдар аралығында сотталушы өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, банкротқа ұшыраған компаниясының бастығын танитынын айтып, ол компаниядан арзан бағаменен, аукцион арқылы автокөліктер шығарып бере алам деп, жалған ақпарат таратқан", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде, сотталушы алаяқтық жолмен жәбірленушілерден барлығы 14,5 миллион теңге алған.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2 тармағы, 195- бабы 4-бөлігі 4-тармағы бойынша қаралды.

Сот үкімімен сотталушы 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді. Жәбірленушілердің талап-арыздары қанағаттандырылған. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1189495
Пікірлер

Көрші сілтемелер