Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жерін алып қою үшін келген шенеуніктерді тұрғындар сабап тастады | Tengrinews.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 10:40 - 2020/02/17


Жерін алып қою үшін келген шенеуніктерді тұрғындар сабап тастады | Tengrinews.kz
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Өзбекстанның Сұрқандария облысы Алтынсай ауданында жергілікті тұрғындар билік өкілдеріне шабуылдады, - деп хабарлайды Газета.uz.

Бұл жағдай 14 ақпанда болған. Өзбекстан ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, шенеуніктер шаруашылыққа тиіс жерде заңсыз үй құрылыстарын тексеріп, нақтылауға келген. Олар жерді иесіне қайтармақ болған.

Онда аудан әкімдігінің өкілдері, аудандық прокурор мен ІІБ басшысы келген.

"Халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында тұрғындар жұмыс тобының мүшелеріне шабуылдады - таяқ, тас, балта лақтырып, онда қақтығыс болды", - делінген ІІМ хабарламасында.

Басылымның мәліметінше, оқиға орнына құқық қорғау органдарының өкілдері келген. Полицейлер тұрғындарды тынышталдырмақ болған.

Қақтығыс салдарынан ІІМ екі қызметкері жарақат алған. Нақты қанша адамның зардап шеккені айтылмады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1115015
Пікірлер

Көрші сілтемелер