Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2018-12-10879320861 %39 %
2018-12-11926339365 %35 %
2018-12-12580245582 %18 %

«Әзірет Сұлтан» мешітінде «Қайырымдылық жәрмеңкесі» өтті (ФОТО) - Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 22:40 - 2018/12/06


«Әзірет Сұлтан» мешітінде «Қайырымдылық жәрмеңкесі» өтті (ФОТО) - Sunna.kz

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласы өкілдігі мен Діни проблемаларын зерттеу орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жәрмеңкесі» болып өтті. Қасиетті жұма күніне орай ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына Астана қаласы өкілдігіне «Әзірет Сұлтан», «Нұр Астана», «Сәдуақас қады Ғылмани», «Шейх Кунта қажы» мешіттеріндегі «Инабат», «Жібек», «Аналар мектебі» қыздар клубы және Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Ханшайым» тобының мүшелері белсене атсалысып, жұма намазына келген жамағатты өз қолдарымен дайындаған тағамдармен қуантты.

Жәрмеңке сөрелерінде әйел жамағатының өздері әзірлеген тағам түрлері ғана емес, шариғат талаптарына сәйкес жасалған түрлі косметикалық өнімдер, киімдер, әшекей заттар мен діни әдебиеттер сатылып, бес жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан «Қайырымдылық жәрмеңкесінің» аясы кеңейе түсті.

Айта кетейік, жәрмеңкеден жиналған қаржы алдағы уақытта қайырымдылық шарасына жұмсалатын болады. Астана өкілдігінің қарасты мешіттердің әйел жамағаты бұған дейін жәрмеңкеден түскен қаражатты «Ана мен бала» орталығындағы науқас сәбилердің еміне жұмсаған болатын.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=912757
Пікірлер

Көрші сілтемелер