Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ел мешіттерінде Тарауық намазы басталды (фото) - Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 10:00 - 2020/01/18

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2017/06/13/0002/


Ел мешіттерінде Тарауық намазы басталды (фото) - Sunna.kz

26-мамыр. Астана. Sunna.kz – Қасиетті Рамазан айының кіруіне орай, еліміздегі барлық мешіттерде Тарауық намазы басталды. 

Биылғы Рамазан айының алғашқы түні миллади жыл санауы бойынша 26-мамырдан 27-мамырға қараған түніне сәйкес келеді. Осыған орай, еліміздің аумағындағы барлық мешіттерде бүгінгі Құптан намазынан кейін, тарауық намазы оқыла бастады.

Айтулы құлшылық түрінің басталуына байланысты, бүгін кеште мыңдаған елордалық Құран айындағы құлшылықтарын бастау үшін мешітке ағылды.

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де биылғы алғашқы Тарауық намазы оқылды. Аталмыш намаздың басталуынан бұрын Бас имам Жұманазар Садырханов жиналған жамағатты қасиетті айдың кіруімен құттықтады. Бас имам Рамазан айының қадір-қасиеті, Тарауық намазының дініміздегі орны жайлы тұщымды уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар, ай бойы хатым оқитын «Көктөбе» қарилар орталығының түлегі, бірқатар халықаралық және республикалық Құран жарыстарының жеңімпазы Қайырбай Дәукенұлын таныстырып өтті.

Игі шараға, елордалық мұсылмандар, мешіт ақсақалдары мен мешіт имамдары қатысты. Тарауықтың басталуы болғандықтан, көптеген елордалық жамағат мешіт ауласында және көк майсаларда құлшылықтарын жалғастырды.

Арнаулы қарилардың имамдық етуімен ай бойы күніне 20 ракағаттан Тарауық намазын  оқылады. Яғни, ай бойы Құран Кәрімді басынан соңына дейін оқып шықпақ.

Алла қылған құлшылықтарыңызды, ұстаған оразаларыңызды қабыл етсін!

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1098064
Пікірлер

Көрші сілтемелер