Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-02-161816672764 %36 %
2020-02-172093626853 %47 %
2020-02-181722481341 %59 %

 1-КӨКТЕМ: КӨМЕК ПЕН АЛҒЫС (ФОТО) - Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 09:50 - 2020/01/18


 1-КӨКТЕМ: КӨМЕК ПЕН АЛҒЫС (ФОТО) - Sunna.kz

2-наурыз. АСТАНА. /SUNNA.KZ/ – ҚМДБ-ның Астан қаласы бойынша өкілдігінің тапсырмасы аясында, республикалық 1-наурыз алғыс айту күніне орай Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті бүлдіршіндерді қуантып қайтты.

Қазақ халқының дүниетанымындағы Ислам дінінің қағидаттары ұлттық дәстүр-ғұрыппен біте қайнасып, бір-бірімен етене жақын байланыста екені әрбір ісінен көрініс беретіні белгілі. Бұл сөзіміздің дәлелі ретінде қазақтың «адамға алғыс айта алмаған, Аллаға шүкір айта алмайды» деген нақыл сөзін айтуға болар еді. Міне, осындай қанатты сөз – бүгінде қайырлы іске айналып отыр. Еліміз бойынша көктемнің алғашқы шуағын шашқан күн – алғыс айту күні деп белгіленіп келеді. Осындай айтулы күннің құрметіне орай, мешітіміздің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясындағы мүгедек  (құлағы естімейтін) балаларға арнайы қайырымдылық көмек көрсетілді.

Аталмыш ізгі шараға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Әділ Агитаев пен мешіт іс басқарушысы Наград Жағыпаровтар оқу орнына арнайы барып, мектеп оқушыларын қуантып қайтты.

Сонай-ақ, шара соңында мектеп ұжымы мешіт қызметкерлеріне ризашылықпен рақметтерін айта келіп, мешіт атына арнайы алғысхатын табыстады.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1098059
Пікірлер

Көрші сілтемелер